"Nur Otan" партиясы АҚФ ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.
"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.
Шараға "Nur Otan" АҚФ қызметкерлері, Ақтау қалалық маслихатына үміткер Ғ. Әбдісадық, Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Ж.Агманова, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А.Қоразова және Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция капитаны Ж.Рысбеков және «Атамекен» КП қызметкерлері қатысты.
Басқосуда балалар құқығын қорғау саласындағы баяндамалар мен есептер тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылардың алған әсерлерімен бөлісіп көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Іс шараны қортындылай келе, қалалық маслихатына үміткер Ғани Ғабитұлы жиынға қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын жеткізді.
