Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Мирас" шаруа қожалығы ұжымымен жоспарға сәйкес кездесті

Ағымдағы жылдың 17-ші қарашасында «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арипова Гүлнара Рауанқызы “Тегістік” ауылындағы "Мирас" шаруа қожалығы ұжымымен жоспарға сәйкес кездесті. "Мирас" шаруа қожалығы кәсібін төрт түлік арқылы дөңгелетіп отыр және картошка өнімімен айналысады. Бүгінде шаруашылықты Себдайыр Марат Манапұлы басқарып отыр. Тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың ауылға тигізіп жатқан пайдасы мол. Нақтысын айтсақ, биылғы жиын-теріннің нәтижесі жоспарға сай деуге болады. Мәселен, 1 гектар жерге егілген картошкадан 400 центнер өнім алды. Кездесу барысында Гүлнара Рауанқызы шаруашылықта жүріп жатқан жұмыстың мән-жайымен танысып қана қоймай, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың да жай-жапсарын біліп қайтты. Шаруашылықтағы қызметкерлердің айтуы бойынша жүйелі жұмыстың жақсы нәтиже көрсетуі тікелей ұжымға байланысты. Ал бұл ұжым өте ұйымшыл әрі еңбекқор екендерін осы уақытқа дейін дәлелдеп келеді. Шаруа қожалық қысқа арналған жем - шөбі жеткілікті, көктемгі төлге толықтай дайын екендіктерін айтты.

0
0
154

Осы тақырып бойынша

"Мирас" шаруа қожалығы ұжымымен жоспарға сәйкес кездесті - Yvision.kz