Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы АҚФ «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында рейд жұмыстарын жүргізді.

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап рейд жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясы АҚФ жанындағы партиялық бақылау комиссияның төрағасы Н. Төлендиева, қалалық мәслихат депутаты Ш.Гусейнов, партия бақылау комиссиясының мүшесі А.Демеев және Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Э. Машрықовтың қатысуымен тұрғын үй құрылысы бойынша одан арғы жұмыс туралы жауап берді. Жаңа шағынаудандарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету бойынша 16, 18, 19, 19А, Шығыс-2, Шығыс-3 шағын аудандарын электр, су, канализация желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары Ақтау көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарымен таныстырды.

Аралау барысында партия бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс сапасына мән берілуі қажеттігін, сондай-ақ тиісті жұмыстардың мерзімінде аяқталуы тұрақты бақылауға алынатындығын жеткізді.

0
0
108

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясы АҚФ «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында рейд жұмыстарын жүргізді. - Yvision.kz