"Nur Otan" партиясы АҚФ «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы
"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы шеңберінде "Nur Otan" АҚФ мүшелері мен жергілікті полиция қызметіне қарасты ювеналды полиция бөлім қызметкерлерінің қатысуымен рейд жүргізілді. Мақсаты – түнгі 23:00 - ден кейін ата-анасыз, яғни ересектерсіз көшеде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған шара 23:00-00:38 уақыт аралығында 3а , 5, 6, 9, 14, 22 шағын аудандарда жүргізілді. Нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша кәмелетке жасы толмаған оқушылар мен жасөспірімдердің заңды тұлғаларынсыз беймезгіл уақытта жүргендігі анықталған жоқ.
