Мазмұнға өту

Жаңа

Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс VІІ конференциясы өтті.

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс VІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына партия филиалы төрағасы Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы төрағалық етіп жүргізеді. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 61 делегаттың 61 қатысты. Күн тәртібіне сай Конференцияда төрт мәселе қаралды «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы, Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну туралы, Жетісай аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту туралы және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды. Конференция барысында облысқа үміткер 14 кандидаттың арасында жария п…

0
0
193

Кентау қаласында "Nur Otan" партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Конференция күн тәртібіне сәйкес партияның қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы, пікір сайыстардың қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту, Түркістан облыстық партия филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер қаралып, тиісті конференция қаулылары қабылданды. Конференцияны қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Даурен Сабитұлы Махажанов қорытындылап, қалалық сайлауалды штаб төрағасын және оның орынбасарларын таныстырды.

0
0
165

Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті

"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып қызмет көрсету бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында осы саладағы проблемалық мәселелері талқыланып, олардың шешілу жолдары қарастырылды. Аталған бөлімшеде қала бойынша 9 қызметкер 54 балаға қызмет көрсетеді. Бөлімше қызметкері О.Жорабекова мүмкіндігі шектеулі балалардың шаштарын алуда шаштараздарда кезексіз және ақысыз қызмет көрсетуге қолдауды ұсынды. Ұсыныс алдағы уақытта қаралатынын жеткізілді.

0
0
149

Жетісай аудандық филиалы ауданымызда орналасқан спорт мектебінің тыныс тіршілігімен танысты.

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы ауданымызда орналасқан спорт мектебінің тыныс тіршілігімен танысты. «Жетісай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2001жылы 27 тамызда алғашқы жұмысын бастаған. Спорт мектебі бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Ашылғалы бері көптеген спорт жаттықтырушылары аудан жастарын спортпен жаттықтырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеп келеді. Спорт мектебі спорттың 6 түрінен:бокс, грек-рим, таэквондо, каратэ-до, футбол, қол күрес спорт түрлерінен ауданымыздың 870 ге жуық қала, кент, ауыл жастарын спортқа баулып келеді. Спорт мектебінің жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2019 жылдың 12 айында алтын медальмен -272, күміс-343, және қоладан-373 жүлдені аудан жастары иеленген болатын…

0
0
242

Онлайн қабылдау өтті

Ондайн өткен жиында цифрландыру жұмыстарының барысы кеңінен сөз болды. Бағдарламаның басымдықтарын кеңінен түсіндірген Талғат Рахымұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға да кең көлемде жауап берді.

0
0
143

"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалы

Мекен-жайы: Түркістан облысы Кентау қаласы С.Бәйтереков көшесі №7/1

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жұма күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін.

Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Тел. 8 (725 36) 3-57-49

e.mail: [email protected]

Біздің әлеуметтік желідегі жаңалықтарымызды оқи отырыңыздар

https://www.facebook.com/profile.php?id=100012443296319

https://instagram.com/kentaunurotan?igshid=5eu0ffrxns0p

0
0
143

Студенттер күні

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиал жоспарына сәйкес,Құрметті студенттер,Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, оқуда жетістік және шығармашылық табыс тілеймін.

0
0
180