Мазмұнға өту

Жаңа

Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nur Otan» партиясына бүгін барлығы 1,5 мыңға жуық азамат кірген.Партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстай отырып, «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін айшықтаудың белгісі екенін атап өтті.«Елбасының мұқалмас ерік-жігері мен қайсар қажырлығы біздің бәріміз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де әрдайым Отанға қызмет етудің теңдессіз үлгісі болады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен еліміз үшін аса маңызды іргелі істер жүзеге асты: шекарамыз шегенделіп, жаңа елордамыз бой түзеді. Семей полигонын жабу, этносаралық келісімді қамтамасыз ету, нарықтық экономика мен заманауи инфрақұрылымд…

0
0
256

Бәйтерек аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Б.Ахметжанова мерекемен құттықтады

Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Елбасымыз ата-бабамыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, ол - әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа деген сенімін ұялатқан Елб…

1
0
196

Б.Ахметжанова партия қатарына қосылған жастарға партия билеттірін салтанатты түрде табыстады

1 желтоқсан күні аталып өтетін Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқы татулығының, береке-бірлігінің, тұрақтылығының кепілі.Осы орайда Бәйтерек аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіз Қазақстандағы Елбасының рөлі» тақырыбында білім, медицина, орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.Аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Ахметжанова Бибигүл Меңдіғалиқызы төрағалық еткен шарада Елбасының мемлекет алдындағы биік жетістіктері сөз етіліп, баяндама жасалды.Шара соңында Б.Ахметжанова мереке қарсаңында партия қатарына қосылған жастарға партия билеттірін салтанатты түрде табыстап, жұмыстарына сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясы мүшелігіне қабылданулар…

1
0
131

Көкбай ауылында Тұңғыш Президент күніне орайланған онлайн форматындағы мерекелік концерт өтті.

"№5 Көкбай сайлау округі" бастауыш партиялық ұйымымен Көбай ауылының Мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруы бойынша, Тұңғыш Президент күніне орайланған онлайн форматындағы мерекелік концерт өтті.Ауылдастарын өнерлерімен қуантақан мәдениет үйінің қызметкерлері Мақсұт Әйгерім, Абзалқызы Ботакөз, Серікханқызы Жансая, Төлеутаев Арман және Орынбекова Айгул еңбектерін ерекше атап өткен абзал.Сонымен қатар, ел игілігі үшін атқарылатын осындай іс-шаралардың өтуіне атсалысып және "Nur Otan" партиясының партиялық жобаларының жүзеге асуына ерекше үлестерін қосып жүрген партиямыздың белсенді мүшелері, ауыл әкімдігінің мамандары Ақшолақ Гүлғайша мен Нұралина Альмира Ашманқызына да партиямыздың аудандық филиалы тарапынан үлкен алғыс білдіргіміз келеді.Еліміз аман-есен, жұртымыз тыныш, Егемендігіміз мәңгі б…

0
0
186

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін! Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл - күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілейміз! "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
125

Біртоп азаматтар "Nur Otan" партиясы қатарына өтті.

30 қараша күні 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай біртоп азаматтар "Nur Otan" партиясы қатарына өтті. Шарада әр салада қызмет жасайтын ауылдың белсенді азаматтарына партиялық билеттерді "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин табыстады.

Салтанатты шарада төраға орынбасары барлық жиналған қауымды осы мемлекеттiк мерекемен құттықтады.

- Партия билеттері дәл осы күні табысталатындығы тамаша. Мен үшін бұл күннің маңызы зор, есте қалатын күн болды, - дейді жас маман Айдана Мұхамбетова.

0
0
135

"Nur Otan" партиясының депутаттық фракция мүшелері ардагерлермен кездесті.

30 қараша күні "Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" атты партиялық жобасы аясында аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясының депутаттық фракция мүшелері ардагерлермен кездесті.

Кездесуде аудандық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары М.Бектелеуов сөз алып, "қарты бар үйдің қазынасы бар" екендігіне тоқталды.

Қоғам өміріндегі ардагерлер атқарып отырған ауқымды жұмыстар жөнінде айтып, елдің бірлігі, тұрақтылық,ұрпақтар сабақтастығы туралы ойларын ортаға салды.

0
0
103

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелгендігін растайтын арнайы куәлік табыс етті.

30 қараша күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин Облыстық мәслихат депуттаттығына үміткерлерді қабылдады.

Партияішілік праймериздің екінші кезеңінде аудандық және облыстық конференциялар арқылы аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер бекітілген болатын. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVІ конференциясы делегаттарының дауыс беруі нәтижесінде Обылыстық мәслихат депутаттығына Салтанат Өтеғұлова мен Нұрлыбай Жолдыбаевтыңда кандидатурасы ұсынылған болатын. Бүгін Ерболат Мұратқалиұлы облыстық сайлау комиссиясының шешімімен екі үміткерге Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелгендігін растайтын арнайы куәлік табыс етті.

0
0
168