Бәйтерек аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Б.Ахметжанова мерекемен құттықтады
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз. Елбасымыз ата-бабамыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, ол - әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа деген сенімін ұялатқан Елбасы болатын.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен мемлекеттігіміздің тарихы тамырлас, президенттік институттың қалыптасу кезеңі өзектес. Біздің басты мақсатымыз еліміздің құндылықтарын қастерлеу, келешек ұрпаққа басты байлығымыз – тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау.
Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!
Құрметпен, "Nur Otan" партиясының Бәйтерек аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Мендіғалиқызы.
#1желтоқсан
#президенткүні
