Мазмұнға өту

Жаңа

Білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

30 қараша күні Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы негізіндегі атқарылып жатырған жұмыстар мен алдағы уақытта өтетін сайлауға дайындық жұмыстары талқыланды. Партияның сайлау алды бағдарламасының және ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлаудың аса маңыздылығын ескере отырып қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

0
0
173

Тұңғыш Президент күніне орай танымал алматылықтар «Nur Otan» партиясының қатарына кірді

Тұңғыш Президент күніне орай танымал алматылықтар «Nur Otan» партиясының қатарына кірдіПартияның қатарында кикбоксингтен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ушу-саньдадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Имид Тохтасун, актер және режиссер, қазақстандық эстрада әншілерінің клипмейкері Мерей Маханов бар. Аталған нұротандықтарға партиялық билет партияға салтанатты қабылдау рәсімінде табыс етілді.Сондай-ақ партияға короновирустық пандемия кезінде жоғары нәтижелер мен кәсібилік көрсеткен үздік медицина қызметкерлері де қабылданды.Олардың арасында №5 қалалық клиникалық аурухананың аға мейірбикесі Алиша Жумагулова да бар. Партия қатарын жас педагогтар да толықтырды. Олардың бірі Нұргүл Темірешова - аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №10 жалпы білім беретін мектеп…

0
0
191

«Психология» мамандығының еңбек нарығындағы мүмкіншіліктері

Қасен Г.А., Мадалиева З.Б.,КазНУ им. аль-ФарабиМамандық таңдау - өмірдегі ең маңызды қадам. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді.Бүгінгі таңда «Психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда: білім беру, медицина және денсаулық сақтау, құқық қорғау, бизнес, саясат, басқару, жарнамалау, т.б. салаларда.Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екенін…

0
0
475

Тұңғыш Президент күніне орай оқушыларға Елбасының өмірі мен қызметі туралы фильмдерді көру ұсынылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында оқушыларға Елбасының өмірі мен қызметі туралы түсірілген фильмдерді көру ұсынылған болатын. Сіздерге де керемет туындыларды көруді ұсынамыз

0
0
158

Партияның жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

"Тұңғыш Президент күні" қарсаңында, "Nur Otan" партиясының Абай аудандық филиалында партияның жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қатысқан Абай колледжінің білікті маманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Үркімбаев Айдос Тілекұлы қатысып, жас әріптестерін маңызды қадамдарымен құттықтай отырып, партия қатарындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

0
0
110

Білім бөлімінің ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалы қызметкерлері Абай аудандық білім бөлімінің ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Білім беру саласында үздік еңбек етіп жүрген аудандық білім бөлімінің барлық қызметкерлерін атаулы мекеремен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат пен еңбектеріне биік жетістіктер тілейміз!

0
0
127

Абай колледжіне қарасты жатақханада бірлескен қоғамдық мониторинг жүргізілді.

"Nur Otan" партиясынын Абай аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Кеңгірбай би ауылындағы Абай колледжіне қарасты жатақханада бірлескен қоғамдық мониторинг жүргізілді. Осыдан бұрын жүргізілген мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша усыныстар келтірілген болатын. Бүгінгі мониторинг сол ұсыныстардың толық орындалып, кемшіліктер жойылғанын көрсетті.

0
0
109

Тұңғыш Президент күніне орай танымал алматылықтар «Nur Otan» партиясының қатарына кірді

Кездесу барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров бастауыш партия ұйымдарының басшыларын атап өтіп, оларға «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті. Өз сөзінде @stanislav_kankurov барлық қазақстандықтарды және кездесу қатысушыларын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталды.

0
0
185