Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біртоп азаматтар "Nur Otan" партиясы қатарына өтті.

30 қараша күні 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай біртоп азаматтар "Nur Otan" партиясы қатарына өтті. Шарада әр салада қызмет жасайтын ауылдың белсенді азаматтарына партиялық билеттерді "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин табыстады.

Салтанатты шарада төраға орынбасары барлық жиналған қауымды осы мемлекеттiк мерекемен құттықтады.

- Партия билеттері дәл осы күні табысталатындығы тамаша. Мен үшін бұл күннің маңызы зор, есте қалатын күн болды, - дейді жас маман Айдана Мұхамбетова.

0
0
114

Осы тақырып бойынша

Біртоп азаматтар "Nur Otan" партиясы қатарына өтті. - Yvision.kz