Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Б.Ахметжанова партия қатарына қосылған жастарға партия билеттірін салтанатты түрде табыстады

1 желтоқсан күні аталып өтетін Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқы татулығының, береке-бірлігінің, тұрақтылығының кепілі.

Осы орайда Бәйтерек аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіз Қазақстандағы Елбасының рөлі» тақырыбында білім, медицина, орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Ахметжанова Бибигүл Меңдіғалиқызы төрағалық еткен шарада Елбасының мемлекет алдындағы биік жетістіктері сөз етіліп, баяндама жасалды.

Шара соңында Б.Ахметжанова мереке қарсаңында партия қатарына қосылған жастарға партия билеттірін салтанатты түрде табыстап, жұмыстарына сәттілік тілеп, «Nur Otan» партиясы мүшелігіне қабылдануларымен құттықтады.#Nurotan

#партиямүшелері

1
0
111

Осы тақырып бойынша

Б.Ахметжанова партия қатарына қосылған жастарға партия билеттірін салтанатты түрде табыстады - Yvision.kz