Көкбай ауылында Тұңғыш Президент күніне орайланған онлайн форматындағы мерекелік концерт өтті.
"№5 Көкбай сайлау округі" бастауыш партиялық ұйымымен Көбай ауылының Мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруы бойынша, Тұңғыш Президент күніне орайланған онлайн форматындағы мерекелік концерт өтті.
Ауылдастарын өнерлерімен қуантақан мәдениет үйінің қызметкерлері Мақсұт Әйгерім, Абзалқызы Ботакөз, Серікханқызы Жансая, Төлеутаев Арман және Орынбекова Айгул еңбектерін ерекше атап өткен абзал.
Сонымен қатар, ел игілігі үшін атқарылатын осындай іс-шаралардың өтуіне атсалысып және "Nur Otan" партиясының партиялық жобаларының жүзеге асуына ерекше үлестерін қосып жүрген партиямыздың белсенді мүшелері, ауыл әкімдігінің мамандары Ақшолақ Гүлғайша мен Нұралина Альмира Ашманқызына да партиямыздың аудандық филиалы тарапынан үлкен алғыс білдіргіміз келеді.
Еліміз аман-есен, жұртымыз тыныш, Егемендігіміз мәңгі болсын! Мерекелік күндер көп болсын!
