Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін! Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл - күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілейміз! "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы
