Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелгендігін растайтын арнайы куәлік табыс етті.

30 қараша күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин Облыстық мәслихат депуттаттығына үміткерлерді қабылдады.

Партияішілік праймериздің екінші кезеңінде аудандық және облыстық конференциялар арқылы аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер бекітілген болатын. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVІ конференциясы делегаттарының дауыс беруі нәтижесінде Обылыстық мәслихат депутаттығына Салтанат Өтеғұлова мен Нұрлыбай Жолдыбаевтыңда кандидатурасы ұсынылған болатын. Бүгін Ерболат Мұратқалиұлы облыстық сайлау комиссиясының шешімімен екі үміткерге Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелгендігін растайтын арнайы куәлік табыс етті.

0
0
141

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелгендігін растайтын арнайы куәлік табыс етті. - Yvision.kz