Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мекемелердің жұмыс сапасы тексерілді
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сенімгерлік басқаруға берілген медициналық ұйымдарға арнайы барып, қызметін тексерді.Шаһар басшысы алдымен 2021 жылы «АУХАЛ» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына өткен қалалық №2 емхананың материалдық жабдықталуындағы өзекті мәселелерді қарастырды.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Екі блоктан тұратын емханада ересектерге және балаларға медициналық қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазір 400-ге жуық адам жұмыс iстейдi. Олардың арасында 108 дәрігер, 230 орта медициналық қызметкер бар.Тиісті қаражат бөлінбегендіктен, бүгінде медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасы төмендеп, қондырғылардың тозығы жетіп, істен шыққан. Бұл келеңсіздіктер халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер ететіні белгілі. Осыны ескерген қала басшысы ж…