Мазмұнға өту

Жаңа

Абылай Мырзахметов бүгін сот залына жеткізілді

Астана сотында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметоке қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.Фото: sputnik.kzАқпарат агенттіктері оның бүгін сот залына сағат 15:00 шамасында жеткізілгенін хабарлады. Абылай Мырзахметов 2023 жылы 12 мамырда қамауға алынған еді. Қамау мерзімі содан бері бірнеше рет ұзартылып, ол осы уақытқа дейін тергеу қапасында отыр. 2023 жылдың мамырынан бері қамауда отыр.Еске салайық, былтыр қазанда сот ұлттық палатаның бұрынғы төрағасын қамауға алу мерзімін ұзартқан болатын. Желтоқсанда істің сотқа жеткені белгілі болды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесемін деп кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлад…

0
0
197

Рэпер бір әні үшін екі реттік өмір бойына қамау жазасына кесілді

Қызық, әннен де қылмыстың дәлелін табуға болады екен.

Канадалық рэпер T-Sav-ке (шын аты — Тайрел Нгуен) My Life трегі үшін бас бостандығынан айыру жөніндегі екі жазаға кесілді. Ол осы әнінде екі рет кісі өлтіргеннін мойындаған көрінеді.

CBC телеарнасының мәліметі бойынша, рэпер «гангстер» Рэндип Канг пен студент Джагвир Сингх Малхиді өлтірді деп айыптаған. Тайрел Нгуеннің бұл қылмысы әлгі әнде жасырын түрде айтылыпты.

Тергеушілердің болжамы бойынша, Канг екі қылмыстық топтың текетіресі салдарынан қаза тапқан. Ал Малхи қателікпен өлтірілген.

0
0
705

Павлодарда бір қызық тағайындау болды

Жемқорлық дауымен орнынан кеткен Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Ержан Иманзайыпов жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Оны жаңа қызметке тағайындау туралы өкімге аймақ басшысы қол қойған. Қызығы осы болып тұр. Өйткені 2023 жылғы қыркүйекте сол Павлодар облысы әкімінің өкімімен Иманзайыпов әкім қызметінен кеткен болатын. Мұның алдында қарамағындағы қызметкерлерге қатысты жемқорлық дауы болған еді.

Айта кетейік, 2017 жылы Иманзайыпов бұл ведомствоны басқарған. Былтыр қыркүйекте Павлодар әкімі қызметінен босатылғаннан кейін Иманзайыпов облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған болатын.

0
0
205

Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

Бас прокуратура мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданған.

Еске салайық, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

kaz.tengrinews.kz

0
0
404

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің туған күніне орай әсерлі видео жариялады

Бүгін - қоғам қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің туған күні. Ол Алматы облысының Кеген ауылында 1944 жылдың 15 қаңтарында дүниеге келген.

Заманбек Нұрқаділовтің жесір, әнші Мақпал Жүнісова осыған орай Instagram-дағы жеке парақшасында әсерлі видео ( https://www.instagram.com/p/C2FwRSuMJp9/ ) жариялады.

"Бүгін, Зәкең, бар болса 80 жасты тойлар едік. Әттең бір қанішердің құрбаны болып кеттіңіз. Соларды таппайынша, халыққа көрсетіп, естіртпейінше сіздің рухыңыз тынышталмайтынын мен жақсы білемін, Зәке. Алла енді сол күнді де естіп, көруді нәсіп еткейсің", - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында Алматыдағы өз үйінде өлі күйінде табылды. Ресми мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Бірақ көпшілік оған сенбейді.

0
0
193

Алматы маңындағы ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімді қорғап жатыр

Алматы облысындағы Талғар ауданының Панфилов ауылында тұрғындар өздерінің әкімін қорғауға кірісті. Сол үшін олар көшеде көп болып жиналды.Жергілікті жұрт бір қоғам белсендісі жазған шағымға байланысты ауыл басшысын орнынан алып тастайды-мыс деген әңгімеге алаңдаулы екен. Осыдан кейін «өзіміз сайладық, өзіміз шешеміз» деген олар әкімді қорғауға келіп отыр. Бұл жиынның видеосы әлеуметтік желіде ( https://www.instagram.com/p/C2ElwOvijfc/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again ) жарияланды.«Дәулетәлиев Дулат Маратович келгелі бері ауылымызда жұмыс жүре бастады. Асфальт төселді, көше жарықтары орнатылды, балалар алаңқайлары жасалды және тағы басқа шаруалар атқарылды. Мысалы, өрт сөндіру депосы ашылды, жан-жануар паналайтын орын салынды... Енді осы жылға жоспар құрылып жатқанд…

0
0
292

Тайваньда енді не болмақ?

Тайвань халқы күні кеше өз президентін сайлап алды. Әлемнің түрлі елдеріндегі жоғарғы билік өкілдері сайлауда жеңіп шыққан Лай Циндэні құттықтап та тастады.

Бірақ ресми Бейжің бұны, әрине, үй ішінен үй тігу деп қабылдайды. Өйткені Тайвань Қытай құрамындағы аймақ болып саналады. Соған қарамастан кейбір елдердің (әсіресе, батыстағылар) оны қолдап отырған жайы бар.

Ал өз елімізге келсек, Қазақстанның бұл тұрғыдағы ұстанымы айқын. Ресми Астана «бір Қытай» ұстанымын қолдайды әрі Тайваньды ҚХР-дың ажырамас бөлігі деп санайды.

Сонымен қатар Қазақстан Қытай Халық Республикасы үкіметінің елдің бейбіт түрде қайта қауышуына күш салғанын қолдайды.

Ал енді президентін сайлап алған Тайваньға не болатынын уақыт көрсетеді.

0
0
246

Бүгін кей өңірлердегі мектептерде сабақ қалай өтетіні айтылды

Бүгін жұмыс пен мектептегі оқудың кезекті аптасы басталды. Ал елімізде ауа райы суый түсуде. Осыған байланысты кей өңірлердегі мектептер қашықтан оқытуға көшкен.Фото: egemen.kzАстанада 15 қаңтарда 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқиды.Көкшетауда бүгін 1-ден 9-сыныпқа дейінгілердің сабағы онлайн форматқа көшірілген. Мұнда да бұл бірінші ауысымға қатысты. Көкшетауда -25 градусқа дейін аяз болып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 28 метр.Ақтөбе облысында 15 қаңтарда 1-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары Ақтөбенің өзі мен көптеген өңірлерде қашықтан оқиды. Ол өңірлер - Әйтекеби, Алға, Темір, Қобда, Қарғалы, Байғанин және Хромтау аудандары.Өскеменде де бүгін 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары онлайн оқиды.Ал Қарағандыда мұндай оқу форматына бірінші ауысымда…

0
0
184

Алматыда патрульдік көлік жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Алматыда әл Фараби даңғылында патрульдік көлік жол апатына ұшырады.

Желіде апат орнынан түсірілген видео тарап жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтар күні сағат 16:10-да болды. «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі әл Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Достық даңғылының қиылысында есінен танып қалып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Одан әрі Toyota инерциямен жол бойында тұрған «Chevrolet» патрульдік көлігіне соғылды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Зардап шеккен екі адамға – Toyota жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

Kazinform

https://t.me/kris_p_almaty_official/20851?single

0
0
283

Ақмола облысында боранды күні жолда қалған шетелдіктер құтқарылды

Ақмола облысында полицейлер автобустың бұзылуына байланысты тас жолда қалып қойған шетелдіктерді құтқарды.Бүгін түнде Астана-Петропавл республикалық автожолында Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус істен шықты. Оның ауа құбыры жарылған. Көліктердің қозғалысы үшін жабық жолда жүргізуші мен 65 жолаушы қалды. Оның ішінде 10 жасар бала мен 14 әйел бар. Олар - Тәжікстан азаматтары. Шетелдіктерге көмекке аға лейтенанттар Азамат Тулегенов пен Нұрсұлтан Сағандықовтың құрамындағы "Бақай" патрульдік полиция ротасының экипажы келді.Олар оқиға туралы ТЖ құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлады. Полицейлер автобусты қарап, бұзылу себебін тез анықтады. Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге сол жерде ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне…

0
0
228