Бүгін Астанада аяз болады, бес қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады
«Қазгидромет» еліміз бойынша 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады.

Бүгін ең суық ауа райы Астанада болады деп күтіліп отыр. Мұнда күндіз 22-24 градус аяз болмақ. Қар жаумайды, жел бар.
Ал Алматы мен Шымкентте күндіз 0-2 градус суық. Оңтүстік астанада тұман, көк тайғақ болады. Үшінші мегаполисте әлсін-әлсін қар жауып, тұман түседі.
Жалпы, еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеожағдай жақсарады. Ол тек Астана, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Павлодар қалаларында жайсыз болмақ.
Жайсыз метеожағдайға қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар (тымық күн, әлсіз жел, тұман, иверсия) алып келеді. Яғни осылардың салдарынан ауаның жерге жақын қабаты ластанады.
Фото: egemen.kz
