«Майқайыңалтын» кеніші маңында автобустың жер астына түсіп кеткен видеосы тарады
«Майқайыңалтын» АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобустың іздестіріліп жатқанына 10 күннен асты.

Бұл көлікте төрт адам болған еді. Олар – жүргізуші мен 3 құтқарушы. Екеуінің денесі табылды. Содан бері тағы екі адам мен автобустың өзі күн-түн демей іздестіріліп жатыр.
Осы тұста автобустың жер астына түсіп кеткен сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
