Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Римде бірқатар кездесулер өткізеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ресми сапармен Италияға барды. Оны Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Сондай-ақ президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Ал 19 қаңтарда Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек.
Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдерге осы жылдағы алғашқы сапарын Еуропадан бастады.
