Мазмұнға өту

Жаңа

Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды

Канвондода (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарында шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі Илья Мизерных жеңімпаз атанды.

Ол бірінші секіргенінде үшінші орында болды. Мизерных екінші әрекеті арқылы алтынды қанжығалап отыр.

Күміс австриялық Никки Хамлаға, қола польшалық Лукас Лукащукқа бұйырды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындар тарихында алған алғашқы алтыны.

olympic.kz

0
0
234

Өрт сөндірушілердің жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео тарады

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 178 жедел құтқару жұмысына шыққан. Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасында жазылды.

Шұғыл іс-әрекеттердің 78-і өрттер мен жану оқиғаларына, 100-і іздестіруге, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты.
Бұл жолы 19 адам құтқарылған және эвакуацияланған.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

ТЖМ Telegram-арнасына сондай төтенше оқиғалардың бірінде өрт-сөндірушілердің қандай жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео жүктелді.

0
0
325

Тоқаев Рим Папасымен кездесу үшін Ватиканға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды. 

Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды. 

0
0
276

Қазақстан ақыры бірыңғай уақыт белдеуіне көшетін болды

Осы мәселе былтырдан бері қозғалып келген еді. Яғни бірыңғай уақытқа көшу керек деп, сол тұрғыда үкімет қаулысының жобасы дайындалды. Қазір елімізде екі түрлі уақыт белдеуі бар. Батыс өңірлер басқа аймақтар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан бір сағат артта. Бүгін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда биыл 1 наурыздағы 00:00 сағаттан бастап бірыңғай уақыт белдеуі нақты белгіленетінін хабарлады. Енді басқа өңірлер батыс аймақтарға теңестіріліп, сағат тілін бір сағат артқа жылжытады.«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақс…

0
0
212

КХДР жаңа ядролық қаруды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея билігі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жаттығуларына жауап ретінде Haeil-5-23 су астындағы ядролық қару жүйесін сынап көрді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.Фото: Global Look Press"15 қаңтардан бастап үш күн бойы америкалық атом тасымалдаушысы Carl Vinson, көпфункционалды Aegis жауынгерлік жүйесімен жабдықталған Princeton крейсері, Жапонияның өзін-өзі қорғау отряды әскери-теңіз күштерінің кемелері мен Корея Республикасының әскери-теңіз күштері Чеджу аралының айналасындағы теңізде біріккен теңіз жаттығуларын қайта өткізді. Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс Академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Шығыс теңізінің су айдынында әзірленіп жатқан "Хэил-5-23" ядролық қаруының суасты жүйесін сынақтан өткізді", - агенттіктегілер.…

0
0
206

Қазақстанның бітімгершілік күштері Таяу Шығыс пен Африкаға баратын болды

Қазақстан Африка мен Таяу шығыс елдеріне елдеріне бітімгершілік күштерін жібереді. Мұндай шешім бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсынысты депутаттардың қарауына жолдады. Парламенттегілер бітімгершілік күштерді жіберуді қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Сөйтіп, Қазақстан 430-ға жуық әскериді БҰҰ миссиясына қатысуға жіберетін болды.Біздің жауынгерлер енді Сирия мен Израиль, Палестина мен Израиль арасында, Оңтүстік Судан мен Суданда бітімгерлік миссия атқарады.

Айта кетейік, бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Заңға сәйкес, бітімгершілік күштерді басқа елдерге жіберу мәселесін мәжіліс пен сенат депутаттары бірлесіп шешеді.

0
0
194

Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді

Ұлттық құрылтайдың құрамына жаңа адамдар енді және бірқатар бұрынғы мүшелер шығарылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.​Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.​Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.​Ұлттық құрылтай…

0
0
333

Елімізде көліктің VIP-нөмірі қанша теңге болып жатыр?

2023 жылы еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсапты.Салыстырар болсақ, 2022 жылы тұрғындардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асқан.Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілгенін айта кетейік. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне құйылады.2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып отыр. Әр нөмірдің бағасы – 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге).VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.Жалпы, 202…

0
0
226

Ақтөбелік лауазымды қызметкердің әкім орынбасарының көмекшісіне ақша апарып берген видеосы тарады

Қазір Ақтөбеде бір лауазымды қызметкердің облыс әкімі орынбасары көмекшісінің үйіне ақша апарып бергенін көрсететін видео әлеуметтік желіні кезіп жүр.

«Әлеуметтік желіде «Ақтөбе ӘКК» қызметкерлері сыйақыларын алып, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Ажниязовқа жіберіпті-міс, ал ол жиналған ақшаны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісіне апарып беріпті-міс делінген бейнекөрініс тарап жатыр. Нақты айта алмаймыз, әлеуметтік желідегі видео мен жазба бойынша тексеру жүргізген жөн», – деп жазылған EGOV.PRESS телеграм-арнасында.

0
0
354

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездеседі

Италияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Римде бірқатар кездесулер өткізді. Ол ең алдымен Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді. Тоқаев Қазақстан мен Италия арасында тығыз саяси диалог, берік экономикалық ықпалдастық, табысты мәдени-гуманитарлық байланыс орнағанын атап өтті. «Біз Италияның Орталық Азиядағы басты серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және қарым-қатынастарды одан әрі арттыруға мол әлеует бар» – деді президент. Джорджа Мелони қазақ-итальян қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтіп, Италияның Қазақстанмен арадағы байланыстарын нығайтуға бейілді екенін жеткізді. «Сіздің бүгінгі сапарыңызды қазақ-итальян қарым-қатынасын одан әрі өркендету үшін зор м…

0
0
258