Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Енді Иран мен Пәкістан арасындағы жағдай ушыға бастады

Пәкістан таңертең Marg Bar Sarmachar контртеррористік операциясын жүргізді. Сөйтіп, Иранның Систан және Белуджистан провинцияларында орналасқан лаңкестердің нысанына соққы берілді.

Фото: РИА Новости

Пәкістан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция аясында бірнеше лаңкес жойылды.

«Бүгін таңертең Пәкістан Иранның Систан және Белуджистан провинциясындағы лаңкестердің баспаналарына жоғары деңгейде үйлестірілген және мақсатты дәлдікпен бірқатар әскери соққылар жасады. Қолда бар барлау деректері негізінде жүргізілген Marg Bar Sarmachar кодтық операциясы кезінде бірнеше террорист өлтірілді”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Пәкістан өз аумағына, ортақ шекараға жақын жерге Иранның әуе шабуылын жасағанын мәлімдеді. Содан ресми Исламабад Иранды «Джайш әл-Адль» қарулы тобына жасалған шабуылымен әуе кеңістігін бұзды деп айыптап, Пәкістандағы Иран елшісін шақыртты.

kaz.inform.kz

0
0
138

Осы тақырып бойынша