Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстанның бітімгершілік күштері Таяу Шығыс пен Африкаға баратын болды

Қазақстан Африка мен Таяу шығыс елдеріне елдеріне бітімгершілік күштерін жібереді. Мұндай шешім бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсынысты депутаттардың қарауына жолдады. Парламенттегілер бітімгершілік күштерді жіберуді қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Сөйтіп, Қазақстан 430-ға жуық әскериді БҰҰ миссиясына қатысуға жіберетін болды.Біздің жауынгерлер енді Сирия мен Израиль, Палестина мен Израиль арасында, Оңтүстік Судан мен Суданда бітімгерлік миссия атқарады.

Айта кетейік, бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Заңға сәйкес, бітімгершілік күштерді басқа елдерге жіберу мәселесін мәжіліс пен сенат депутаттары бірлесіп шешеді.

0
0
164

Осы тақырып бойынша