Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Өрт сөндірушілердің жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео тарады

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 178 жедел құтқару жұмысына шыққан. Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасында жазылды.

Шұғыл іс-әрекеттердің 78-і өрттер мен жану оқиғаларына, 100-і іздестіруге, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға қатысты.
Бұл жолы 19 адам құтқарылған және эвакуацияланған.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

ТЖМ Telegram-арнасына сондай төтенше оқиғалардың бірінде өрт-сөндірушілердің қандай жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео жүктелді.

0
0
286

Осы тақырып бойынша

Өрт сөндірушілердің жанкештілікпен әрекет етіп жатқанын көрсететін видео тарады - Yvision.kz