Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елімізде көліктің VIP-нөмірі қанша теңге болып жатыр?

2023 жылы еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсапты.

Салыстырар болсақ, 2022 жылы тұрғындардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асқан.

Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілгенін айта кетейік. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне құйылады.

2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып отыр. Әр нөмірдің бағасы – 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге).

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.

Жалпы, 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілді.

0
0
190

Осы тақырып бойынша