Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Динара Шүкіжанова депутаттықтан не үшін кетті?

Бүгін Respublika партиясының тең төрағасы Динара Шүкіжанованың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Ол өзі депутаттықтан не үшін кеткенін былай түсіндірді: «Respublica партиясының тең төрайымы болып қаламын. Енді аймақтарға баруым, өндірісте жұмыс істеуім еркіндеу болады. Біз о баста партияда ауысып отыруымыз керек, партиялық тізім бойынша ротация жүруі керек деп келіскенбіз. Партияның тең төрайымы болғаныма бір жылдай уақыт өтті. Мәжіліс депутаты болғаныма да бір жылға жуықтады. Ендігі жағдай былай болып тұр: мен өндіріске оралуым қажет».

Бірақ кейбір дереккөздер Динара Шүкіжанова мен Respublika партиясының басшысы Айдарбек Ходжаназаровтың арасында келіспеушілік болған деп отыр. Ал Ходжаназаровтың өзі оны теріске шығарды.

0
0
137

Осы тақырып бойынша