Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ тілін талап еткендердің бәрін "жындылар" тұратын аймақ етіп бөліп тастаса болғандай

Ruza апайды айтамын да, қазақша сөйле дегені үшін жындыханаға жатқызып тастаған. Көбіміз жүрген жерімізде қазақша сөйле деп төңірегімізді үндеп жүреміз. Олай жазалар болсақ, Қазақстанның жартысы жындыханада жатар. Қаланың жартысынан көбін “жындылар” тұратын аймақ етіп бөліп тастаса болғандай, қайбір кинодағы 13-аудандай. Dulat Tastekey деген кәсіпкер, меценат, депутат жігіт бар. Ол тіпті жейдесіне “Қазақша сөйле” деп жазып алып жүреді. Оны “жындылардың” старостасы етіп тағайындауға болады. Мына жағдай шынында да трагикомедияға сұранып тұр. Әттең, жазушы емеспін, оқырмандарды күлдіре отырып ойландырар әңгіме жазар едім.

Журналист Шыңғыс Мұқанның жазбасы

Айта кетейік, кеше Павлодарда тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін жындыханаға қамады деген ақпарат тараған болатын.

0
0
238

Таңертең Алматы метросы неге істемей қалды? (видео)

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Алматы метросының жүрмей қалып, соңғы станция маңайында тұрғындардың көптеп жиналып тұрғанын көрсететін видео тарады. "Бүгін таңғы 7:30-да метро істемей қалды. Көп адам жиналып тұр. Себебін білмеймін", - деп жазды Instagram қолданушысы. Бұны кейбіреулер түнде байқалған кезекті жер сілкінісінен көріп отыр. Ал метрополитен өкілдері бұның сыры басқада екенін айтты. "Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысында ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды. Осы орайда барлық бекеттерде пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ.Мамандар жұмыс жасап, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қа…

0
0
227

Жер сілкінісіне шыдамды болуға осы нұсқа қалай?

Әлеуметтік желінің алматылық қолданушысы өз нұсқасын ұсынды.

Сазгер Айгүл Бажанова әлеуметтік желідегі жазбасында былай дейді:

"Осы ой қанша жыл басымда жүрді. Мүмкін бірдеңелерді ескермеген болармын, мүмкін не самая лучшая идея..
Әр бөлменің ішінен титан, құрыш сияқты майыспайтын металлдан осындай төрт қабырғаға жанастырып дәнекерлеп тұрғызып қойса қалай болар екен?
Глупо, да? Сосын, ысқырық іліп жүріңіздер мойындарыңызға"

0
0
470

Елімізде жаңа салық енгізу ұсынылды

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанда зиян өнімдердің таралуын шектеуді, сондай-ақ құрамында қант мөлшері жоғары пайдасы жоқ тағамдар мен энергетикалық сусындарға қосымша салық енгізуді қарастыруды ұсынды. Сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловқа соңғы уақытта қазақстандық нарықта "шығу тегі белгісіз құнарсыз тағам" пайда болғанын мәлімдеп, сауал жолдады. Жексенбайдың айтуынша, әртүрлі елдерден бізге азық-түлік және пайдалылық коэффициенті жоқ тауарлар әкелінеді. Сонымен қатар, зиян өнімдердің көпшілігі көшелер мен жертөлелерде шығарылады."Еліміздің заңнамасына сәйкес, әрбір өнімде қазақ және орыс тілдерінде өндіруші, құрамы, пайдалану шарттары туралы ақпарат болуы керек. Алайда, еліміздің дүкендері мен базарларында сатылатын арзан зиян өнімдерге қатысты бұл талаптар…

0
0
189

Президент алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Фото: Ақорда сайты

"Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер. Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін президент жұмыс сапарымен Алматыда жүр. Ол Footlab футбол орталығының қызметімен танысты және елде ауыз суды ырысап қыла бермеу керектігін айтты.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда қуатты жер сілкінісі болды.

0
0
191

Тоқаев ауыз сумен автокөлік жуатындарды сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ауыз суды автокөлік жуу мен бау-бақша суаруға кетірмеуге шақырды.

Фото: grandinstrument.ua-

Президент мұндай ысыраптың басқа ешқандай елде жоқ екенін айтты.

«Қазақстанда су тапшы. Бізге ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі ел бойынша бағдарлама қажет. Сіздер ауыз сумен бау-бақшаны суарады, көлік жуады және тағы басқасын істейді дейсіздер. Бұған қандай жағдайда да жол бермеу керек. Мұндай нәрсе ешбір елде жоқ. Су үнемдейтін технологияны қолдануға, суды үнемдеу мәдениетін ендіруге тиіспіз. Әрине, жаңадан жерасты бұлақтарын да іздеу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
269

Президент Алматыдағы сапарын футболдан бастады

Президенттің Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды.Фото: Ақорда сайтыҚасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа орталықтың пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. «Smart Football» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған.Footlab – спортсүйер қауымға, отбасылық демалысқа, балалар мен ересектер арасында турнирлер өткізуге арналған интерактивті футбол алаңы.Алматыдағы Footlab орталығы Португалияның франшизасын алған. Оның бас кеңсесі Лиссабонда орналасқан. Аталған жобаны танымал португал футболшылары Руй Кошта мен Криштиану Роналду 7EGEND инновац…

0
0
212

«Мектептерде қырғын жасаймыз». Telegram арқылы Ақтөбеге қатысты үрейлі ақпарат тарады

«Конец Актобе» деген Телеграм арнасы арқылы тараған хабарлама көпшілікті де, полицияны да дүрліктірді. Қазіргі кезде мектептердегі қауіпсіздік шарасы күшейтіліп жатыр.«Конец Актобе» телеграм каналында белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде террорлық акт жасайтынын айтып, хабарлама таратты. Қазіргі кезде бұл жерде тапаншаның фотосы мен видеосы, ашық қоқан-лоққа сөздер жазылып жатыр. Сонымен бірге алғашқы тізімге №21 және №27 мектептер алынғанын хабарлап, фотосымен бірге жариялады.«Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сә…

0
0
311

"Маймыл қайда?" Атырауда блогерді қамауға алу туралы шешім шықты (видео)

Атырау қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты блогер Рүстем Баязиевке қатысты істі қарады. Блогерге сотты сыйламады деген айып тағылған. Баязиев басқа адамға қатысты сот отырысына қолдау көрсетуге келіп, сол жерде судьядан "Маймыл қайда? Маймылды көрмедіңіз бе?" деп сұрапты.Содан судья Анар Айтжанова бұл сұрақты қорлау деп қабылдап, Баязиевтің өзін нысанаға алған. Осыған байланысты 12 қаңтарда сот приставы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабы 1-бөлігі (Сотқа құрметтемеушілік білдіру) бойынша блогерге әкімшілік хаттама толтырды. Сөйтіп, іс сотта қаралды."Сот қаулысымен блогер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, оны жеке басын, жасаған әкімшілік құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, бес тәулік мерзі…

0
0
204

Астанада ұрылар бір тұрғынға 101 млн теңгеден астам шығын келтірген (видео)

Елорда полициясы тұрғынға 101 млн теңгеден астам шығын келтірген ірі пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды. Күдіктілердің екеуі ұсталып, біреуі іздестіріліп жатыр. Елордада Сарыарқа ауданының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында ірі пәтер ұрлығына қатысты деген күдікпен 46 және 60 жастағы екі ер адамды анықтады. Күдіктілер ұсталғаннан бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, пәтерінен 4 швейцариялық сағат, 2200 АҚШ доллары және 650 мың теңге ұрланғанын хабарлаған. Ер адам келтірілген материалдық шығынды 101 миллион теңгеден астам деп бағалаған.Жәбірленушінің айтуынша, ол сағаттың жоғалып кеткенін Алматы қаласына 10 күннен астам сапарында болып, келген соң білген. Келгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеде заттарды сұрыптап жатқанда, ол ашылған сейфті көрген…

0
0
266