Елімізде жаңа министрлік құрыла ма?
Мәжіліс депутаты Арман Қалықов елімізге геология және жер қойнауын қорғау салаларын дамытуға жауапты жаңа министрлік қажет деп мәлімдеді.

Ол осы орайда премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.
"Қатты пайдалы қазбаларға мүдделі мемлекеттік органдар жер қойнауын нарық еркіне жіберіп, саланы реттеуден қалды. Қазір мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілік деректері бойынша ғана жүзеге асырылады", - деді Қалықов.
Депутаттың ойынша, осы сияқты мәселелерді реттеу үшін жеке ведомство қажет. Және ол Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі болғаны жөн
