Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының аты ауыса ма?
Бұл сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіндегілер жауап берді.

Фото: Zakon.kz-
Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап қайтарған ААК өкілдері қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атын өзгерту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.
«Қазір Астанағы әуежайдың атын, сондай-ақ үшәріптік кодын (NQZ – ред.) өзгерту комитеттің күн тәртібінде тұрған жоқ», – делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының үшәріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ға 2020 жылдың сәуірінде өзгерген.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінен экс-президенттің есімімен қоса оның алдындағы ескерткіші де алып тасталған еді.
Сондай-ақ осы айда Алматыдағы «Алмалы» метро станциясынан Назарбаевтың фотопортреті алынып тасталғаны белгілі болды.
