Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Таңертең Алматы метросы неге істемей қалды? (видео)

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Алматы метросының жүрмей қалып, соңғы станция маңайында тұрғындардың көптеп жиналып тұрғанын көрсететін видео тарады.

"Бүгін таңғы 7:30-да метро істемей қалды. Көп адам жиналып тұр. Себебін білмеймін", - деп жазды Instagram қолданушысы.

Бұны кейбіреулер түнде байқалған кезекті жер сілкінісінен көріп отыр. Ал метрополитен өкілдері бұның сыры басқада екенін айтты.

"Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр

26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысында ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды. Осы орайда барлық бекеттерде  пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ.

Мамандар жұмыс жасап, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қалпына келтірілді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген ресми хабарламада.

Видео осы жерде.

Айта кетейік, Алматыда бүгін де түнде жер сілкінісі қайталанды.

0
0
201

Осы тақырып бойынша