Президент алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды
Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Фото: Ақорда сайты
"Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер. Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін президент жұмыс сапарымен Алматыда жүр. Ол Footlab футбол орталығының қызметімен танысты және елде ауыз суды ырысап қыла бермеу керектігін айтты.
Естеріңізге салсақ, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда қуатты жер сілкінісі болды.
