Тоқаев ауыз сумен автокөлік жуатындарды сынға алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ауыз суды автокөлік жуу мен бау-бақша суаруға кетірмеуге шақырды.

Фото: grandinstrument.ua-
Президент мұндай ысыраптың басқа ешқандай елде жоқ екенін айтты.
«Қазақстанда су тапшы. Бізге ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі ел бойынша бағдарлама қажет. Сіздер ауыз сумен бау-бақшаны суарады, көлік жуады және тағы басқасын істейді дейсіздер. Бұған қандай жағдайда да жол бермеу керек. Мұндай нәрсе ешбір елде жоқ. Су үнемдейтін технологияны қолдануға, суды үнемдеу мәдениетін ендіруге тиіспіз. Әрине, жаңадан жерасты бұлақтарын да іздеу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
