Мазмұнға өту

Жаңа

"Приречное" ауылдық округінің тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азат Сарпеков Приречный ауылдық округінің тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
«Приречное» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесу әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, өндірістік үй-жайларда кезекпен өтті. Азат Сарпеков жиналғандарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, ауылдық округтердің дамуы туралы айтып, коронавирустық пандемияға байланысты санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігін түсіндірді.

🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

Первый заместитель председателя Семейского городского филиала партии «Nur Otan» Азат Сарпеков встретился с жителями Приреченского сельского округа по вопросам развития инфраструктуры.
Встреча с работниками хозяйства «Приречное» проходила в производственных помещениях поочередно с соблюдением социальной дистанции. Азат Сарпеков поздравил собравшихся с Днем Первого Президента и рассказал о развитии сельских округов, а также разъяснил необходимость соблюдения санитарных норм из-за пандемии коронавируса.

#NurOtan #NurOtanSemey

0
0
147

Хромтауда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бағдашжан Молдашева «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң кен байыту комбинатының жұмысшыларымен өткен кездесуде Хромтау ауданының даму бағдарламасын айтып берді. Үміткер кәсіпорындағы жұмысшылардың жағдайымен танысып, еңбеккерлермен сөйлесті.

Қазір кәсіпорында Кеншілер мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен «Мұғалжар» демалыс базасы мен бірнеше әлеуметтік нысан бар. Кеншілер мен шахтерлар Бағдашжан Молдашевадан әлеуметтік көмек, жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы сұрады.

Үміткердің айтуынша, Хромтау ауданында мемлекеттік және ірі инвестициялық жобалар аясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатынын жеткізді. Сонымен бірге кәсіпкерлерге 50 грант пен 80 шағын несие беріледі. Сөйтіп 30 ШОБ ашуға мүмкіндік жасалады.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

0
0
796

Бес жыл ішінде 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Бес жыл ішінде 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақтөбе қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер -Райса Байлиева, Шахан Жолдасбаев, Сауромбек Рахиев, Ақылбек Оралмағанбетов  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің еңбек ұжымымен кездесті.

«Бұл сайлау бұрыңғы сайлауға қарағанда ерекше» деген «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қалалық штаб басшысының орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов университет ұжымын сайлауда қолдау білдіруге шақырды.

- Біздің партияның ең басты мақсаты – халықты бір тудың астына біріктіру. Олардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Соған ат салысу үшін біріншіден праймериз өткіздік. Басқа да шаралар өтті. Қашан да біздің партия елдің әлеуметтік жағдайын көтеруге тырысады. Халықтың арасында ең көп түсетін сұрақ әлеуметтік мәселеге байланысты екені рас. Сондықтан «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қаласы бойынша жеті басымдылығы бар. Бос жұмыс орындарына жыл сайын кемінде 9 мың адам жұмысқа орналасатын болады. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кемінде 100 адамды жыл сайынғы қысқа мерзімді оқытуға жібереміз. Әрине, бұл пандемиядан жұмысынан айрылған қызметкерлердің тапшылығы мен жұмысқа орналасу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай 30 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, жалақыны 161-ден 200 мың теңгеге дейін арттыруға, жұмыссыздық деңгейін 4,8% - дан 4,5% - ға төмендетуге мүмкіндік бар,-деді Ақылбек Оралмағанбетов.

Жиында сөз сөйлеген Райса Байлиева бағдарлама аясында спорт саласындағы басымдылықтарды айтты. Жаңа дене шынықтыру орталықтары салынатын айтып өтті.

- Бес жыл ішінде  Ақтөбе қаласының орта білім беру мектептерінің

аумағында орналасқан 48 шағын футбол алаңдарын күрделі жөндеуден өтеді. 2021 жылда Дельфин бассейнінің ғимаратын қайта жаңартылады. Жыл сайын 30 мың адамды қамтитын 100-ден астам бұқаралық спорттық іс-шараларын өткізуге көмектесеміз. Бұл тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен қамтуды 33,3% - дан 36% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Спорт қашан да біз үшін маңызды. Сондықтан ақтөбеліктерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын,- деді ол.

Шахан Жолдасбаев кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа жобаларды айтып, партияның ерекше тұстарын атап өтті. Сауромбек Рахиев та өз кезегінде сайлаушыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оларды  10-қаңтар күні партияны қолдауға шақырды. Ақтөбе қаласын кешенді дамытуға бағытталған бағдарламаны жан-жақты түсіндірді.

Жиын соңында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің еңбек ұжымы атынан ұсыныс-тілектер түсті. Олар қоғамдық көліктерді бақылауға алып, халық үшін қашан да әділетті жұмыс жасай берулерін сұрады. Олар үміткерлердің университетке келіп үгіт-насихат жұмыстарын өткізгендеріне алғыстарын білдірді.

0
0
145

Ақтау есептік-технологиялық колледж ұжымымен кездесу

Даулетбаева мен қалалық депутаттыққа үміткер Бекзат Жүсіп желілік кестеге сәйкес Ақтау есептік-технологиялық колледж ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Бекзат Жүсіп қызметкерлерді  "Nur Otan" партиясының  сайлауалды  бағдарламасымен таныстырып, басты бағыттар туралы айтып берді. Партия  бағдарламасы  алдағы бес жылға арналған ел дамуының жол картасы деуге болады деп атап өтті кандидат. Өз кезегінде Ақтау есептік-технологиялық колледж қызметкерлері толғандырған сұрақтарын қойып,  әлеуметтік мәселелер туралы айтып, ұсыныстарын  жеткізді.

Кездесу соңында  Nur Otan партиясының  қалалық сайлауалды  штабының өкілдері барлығын 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

0
0
143

Шикізатты өңдеу: «Nur Otan» партиясың үміткері тұрғындарға бизнес идеяларды іске асыру жолын ұсынды

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әкімжан Есенаманов Мұғалжар ауданының тұрғындарымен онлайн кездесті. Ауыл халқының өтініш-тілегін тыңдап, қарапайым ғана құрт, сүзбе жасап, табысқа кенелудің қыр-сырымен бөлісті.

Ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып жүрген облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әкімжан Есенаманов бұл жолы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, қашықтан кездесті. «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге емес, өңдеуге басымдық берген жөн.

«Біздің елімізде ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Халықты табиғи таза азық-түлікпен қамтамасыз етіп, экспорт әлеуетін арттыру үшін бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Партияның Ақтөбе облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында іске асырылуы тиіс 20 ірі инвестициялық жоба бар. Келер жылы Мәртөк ауданында 2,8 мың, Ақтөбе қаласында 500 мүйізді ірі қараға арналған 3 тауарлы сүт фермасы салынады. Дәл осы тұста қарапайым ғана сүзбе мен құрт шығаруға ерекше тоқталып өтейін. Қазір біз түрлі салат дайындау үшін өзге елде өндірілген сүзбені сатып алып жүрміз. Ата-бабамыздан келе жақан әдіспен біз де сүзбе шығара аламыз. Сонымен бірге құрамында бор секілді адам денсаулығына зиянды қоспасы бар құрт сатып алуды әдетке айналдырғанбыз. Мәселен, біз 1 миллион теңгеге құрт шығаратын құрал-жабдық сатып алсақ, 1 тоннасын 2,5 миллион теңгеге сатамыз. Табыс осы. Тек өнімді сертификаттап, әдемі етіп қаптап, сатуға шығаруға болады. Бәрі де біздің қолымыздан келетін шаруа», - деді Әкімжан Есенаманов.

Бизнес идея ұсынған үміткер жаңа жобаны іске асыру үшін алдымен біліктілікті арттырып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу тетігіне тоқталды. Облыс бойынша алдағы 5 жылда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жыл сайын 200 жаңа жобаға қаржылай қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 1 мың жобаға шағын несие беріледі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы да 60 жобаға жеңілдетілген несие беру көзделді. Осы арқылы өңірде ШОБ субьектілерінің саны 62 мыңға ұлғаяды. Экономикадағы үлесі 25 пайызға жетеді.

Кездесуде Ақтөбе-Ембі арасындағы жол құрылысы, еріктілердің қызметі, ауыл мен қаланы абаттандыру, шалғай елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету сұрағы қамтылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе – Атырау бағытындағы жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ақтөбе-Қандыағаш қалалары арасындағы құрылыс үш жылға жоспарланған. Халықаралық талапқа сай салынатын жол 4 жолақты болады. Мердігерлер биыл қажетті құрылыс материалдарын жеткізіп, көктемде іске кіріседі. Оларға жергілікті жұмыссыздарды еңбекке араластыру міндеттелген.

Ал ауыл-аймақты интернетпен қамту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе індет кезінде балалар қашықтан білім алып, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс үшін бірнеше жоба мақұлданды.

«Базшилі ауылына сапалы байланыс, интернет қажет деп сұрады. Бұл өте өзекті мәселе. Партияның сайлауалды бағдарламасында 2021-2023 жылдарға арналған міндет бар. Тұрғындар саны 250 адамнан асатын 97 ауылды 3G стандартты желісіне қолжетімді мобильді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Оның ішінде Мұғалжар ауданы бойынша 8 ауыл бар. Жеткізу, сонымен бірге сапасын жақсарту жұмысы қатар жүреді. Барлығы 103 ауылға 3G мұнарасы қондырылады. Жыл сайын цифрлық сауаттылықты арттыру үшін 5 мың адам оқытылады. Осы арқылы 70 мыңнан астам ауыл тұрғыны интернет мүмкіндіктерін еркін қолдана алады», - деді үміткер.

Еркін сұхбат құрған Әкімжан Есенаманов тұрғындарға да өз ұсынысын айтты. Тіпті бірге көгалдандыру жұмысын қолға алуға шақырды. Қала ғана емес, ауылды да жасыл желекке толтырып, экологиялық ахуалды жақсартуға күш біріктірген жөн. Ақтөбе облыстық сайлауалды бағдарламада жыл сайын 396 га жерге 1,3 миллион түп көшет отырғызу міндеті алға қойылған.

«Ауылдарды аралаған кезде боз тартқан көшені көреміз. Бұл дұрыс емес. Әр адам, отбасы өз ауласын жасыл желекке толтырса, оны баптап, үлгі етсе жақсы болар еді. Сонымен бірге әлеуметтік нысандардың ауласына ағаш отырғызу керек. Бұл көп күшті қажет етпейтін, адамды еңбекке баулитын шаруа. Мен патриотпын. Өз елімді, жерімді сүйемін. Оның гүлденуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Биыл еріктілер жылы қорытындыланды. Біріміз де волонтер болуымыз керек. Ол ата-анаға, бауырға, көршіге деген қамқорлық, мейірім. Діңгегімізден ажырамай, бір-бірімізге жанашыр болып жүрсек, көп іс тындырамыз. Мен ой-мақсаты бір, арманы асқақ, алға міндет қойып, жету жолын айқындаған барша мұғалжарлықты «Nur Otanға» дауыс беруге шақырамын. Қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетеміз!» - деді ол.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
230

Встреча с коллективом Актауской городской клиники "Сенім".

В соответствии с планом работы Актауского городского филиала партии "Nur Otan" кандидаты в депутаты города Муратбек Дощанов, Гани Абдисадыков, Ерген Сыражан,Abylai Fazylbek, Члены штаба Жарас Демеев, Aida Balkashbayevna встретились с коллективом  Актауской  городской клиники "Сенім".

В рамках мероприятия кандидаты ознакомили  с предвыборной программой партии, обсудили планы и проделанную работу в рамках реализованных проектов. Формирование здоровой интеллектуальной нации - один из главных приоритетов партии Nur Otan. В частности, объем финансирования здравоохранения составит не менее 5% от ВВП.  К 2023 году заработная плата врачей вырастет в 2,5 раза. Главная цель - увеличение среднего возраста жизни казахстанцев до 75 лет.

В завершение мероприятия, сотрудники задавали интересующие их вопросы и заверили что 10 января они обязательно пойдут на выборы и сделают свой выбор.

0
0
230

Ақтау қалалық "Сенім" клиникасының ақхалатты абзал жандарымен кездесу

"Nur Оtan" партиясы Ақтау қалалық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Қалалық депутаттыққа үмiткерлер Муратбек Дощанов,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан,Abylai Fazylbek, Штаб Мүшелері Жарас Демеев, Aida Balkashbayevna Ақтау қалалық "Сенім" клиникасының ақхалатты абзал жандарымен кездесті.

Шара аясында  үмiткерлер  партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып,  iске асырылған жобалар  аясында атқарылған жұмыстар  жəне жоспарларды  талқыланды. Саламатты зияткер ұлт қалыптастыру – Nur Otan партиясының басты бір басымдығы. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ІЖӨ-нің 5%-ынан кем болмайды.  2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өседі. Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 75-ке дейін ұзарту.

Сонымен қатар, қызметкерлер көкейдегі сұрақтарын қойып, 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауға мiндеттi түрде барып, таңдауларын жасайтындарын  айтты.

0
0
172

Шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда

"Nur Otan" партиясы атынан қалалық депутаттыққа үміткерлерШамсадин Гусейнов,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан,Андрей Могилин "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша "Волна" кандитерлік фабрикасының ұжымымен кездесті.

Үгіт-насихат жұмыстары  партияның 2025 жылға дейінгі  «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына негізделген. Бағдарламада экономиканың, атап айтқанда, шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріледі.  Партия кәсіпкерлік үшін салық режимін жеңілдетуге  және жаңа бизнесті жаппай ашуға жағдай жасауға бар күшін салуда.

Ақтау қаласындағы "Волна"  кондитерлік фабрикасы түрлі  кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады  және әрдайым  өнім түрлепін жаңартып, өндірісті ұлғайтады. Фабрика қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қиын уақытта мемлекеттің қолдауы ерекше маңызды.

Фабрика ұжымы  үміткерлерге танымды  ақпарат үшін алғыс  білдіріп, партия бағдарламасын қолдайтындарын жеткізді.

Өз кезегінде үміткерлер барша қызметкерлерді  2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

0
0
163

«Еңбек ардагері» төс белгісімен марапатталды.

Мұнайтелеком мекемесінің ұжымы қос бірдей қызметкерін зейнет демалысына  құрметпен  шығарып салды. Қожанов Жұма және Сарсенбаев Майрамбайдың мекемеге тигізген еңбектері зор. Сарсенбаев Майранбай өз жұмысымен қоса кәсіподақ төрағалығын қатар алып жүрді, Қожанов Жұма болса мекеме басшысына кеңесші қызметін атқарып жастармен өз тәжірибесін бөлісті. "Nur Otan" партиясының мүшелері Ж.Қожанов пен М.Сарсенбаев "Nur Otan"партиясының ардагерлері қатарына өтті. Мекеме басшысы Е. Мұқашев оларды «Еңбек ардагері» төс белгісімен марапаттады. Ұжым мүшелері зейнеткерлерге жылы лебіздерін білдірді.

0
0
124

«Есіктен есікке акциясы»

Депутаттыққа үміткер Е.Мукашев және онын  сенімді өкілі Қ.Артықбай "Есіктен есікке" акциясының аясында Ақтау қаласынын тұрғындардын ұйлерін аралап өтті.   Тұрғындарға  "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Халықты саяси белсенді болуға, сайлауға қатынасуға, 10 қаңтарда Партиямыз - "Nur Otan"- ға дауыс беруге шақырылды. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

0
0
131