«Еңбек ардагері» төс белгісімен марапатталды.
Мұнайтелеком мекемесінің ұжымы қос бірдей қызметкерін зейнет демалысына құрметпен шығарып салды. Қожанов Жұма және Сарсенбаев Майрамбайдың мекемеге тигізген еңбектері зор. Сарсенбаев Майранбай өз жұмысымен қоса кәсіподақ төрағалығын қатар алып жүрді, Қожанов Жұма болса мекеме басшысына кеңесші қызметін атқарып жастармен өз тәжірибесін бөлісті. "Nur Otan" партиясының мүшелері Ж.Қожанов пен М.Сарсенбаев "Nur Otan"партиясының ардагерлері қатарына өтті. Мекеме басшысы Е. Мұқашев оларды «Еңбек ардагері» төс белгісімен марапаттады. Ұжым мүшелері зейнеткерлерге жылы лебіздерін білдірді.


