Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда

"Nur Otan" партиясы атынан қалалық депутаттыққа үміткерлерШамсадин Гусейнов,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан,Андрей Могилин "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша "Волна" кандитерлік фабрикасының ұжымымен кездесті.

Үгіт-насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына негізделген. Бағдарламада экономиканың, атап айтқанда, шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріледі. Партия кәсіпкерлік үшін салық режимін жеңілдетуге және жаңа бизнесті жаппай ашуға жағдай жасауға бар күшін салуда.

Ақтау қаласындағы "Волна" кондитерлік фабрикасы түрлі кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады және әрдайым өнім түрлепін жаңартып, өндірісті ұлғайтады. Фабрика қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қиын уақытта мемлекеттің қолдауы ерекше маңызды.

Фабрика ұжымы үміткерлерге танымды ақпарат үшін алғыс білдіріп, партия бағдарламасын қолдайтындарын жеткізді.

Өз кезегінде үміткерлер барша қызметкерлерді 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

0
0
130

Осы тақырып бойынша

Шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда - Yvision.kz