Ақтау қалалық "Сенім" клиникасының ақхалатты абзал жандарымен кездесу
"Nur Оtan" партиясы Ақтау қалалық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Қалалық депутаттыққа үмiткерлер Муратбек Дощанов,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан,Abylai Fazylbek, Штаб Мүшелері Жарас Демеев, Aida Balkashbayevna Ақтау қалалық "Сенім" клиникасының ақхалатты абзал жандарымен кездесті.
Шара аясында үмiткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, iске асырылған жобалар аясында атқарылған жұмыстар жəне жоспарларды талқыланды. Саламатты зияткер ұлт қалыптастыру – Nur Otan партиясының басты бір басымдығы. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ІЖӨ-нің 5%-ынан кем болмайды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өседі. Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 75-ке дейін ұзарту.
Сонымен қатар, қызметкерлер көкейдегі сұрақтарын қойып, 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауға мiндеттi түрде барып, таңдауларын жасайтындарын айтты.


