Мазмұнға өту

Жаңа

"Приречное" ауылдық округінің тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азат Сарпеков Приречный ауылдық округінің тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді. «Приречное» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесу әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, өндірістік үй-жайларда кезекпен өтті. Азат Сарпеков жиналғандарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, ауылдық округтердің дамуы туралы айтып, коронавирустық пандемияға байланысты санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігін түсіндірді. 🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️ Первый заместитель председателя Семейского городского филиала партии «Nur Otan» Азат Сарпеков встретился с жителями Приреченского сельского округа по вопросам развития инфраструктуры. Встреча с работниками хозяйства «Приречное» проходила…

0
0
128

Хромтауда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бағдашжан Молдашева «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң кен байыту комбинатының жұмысшыларымен өткен кездесуде Хромтау ауданының даму бағдарламасын айтып берді. Үміткер кәсіпорындағы жұмысшылардың жағдайымен танысып, еңбеккерлермен сөйлесті.Қазір кәсіпорында Кеншілер мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен «Мұғалжар» демалыс базасы мен бірнеше әлеуметтік нысан бар. Кеншілер мен шахтерлар Бағдашжан Молдашевадан әлеуметтік көмек, жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы сұрады.Үміткердің айтуынша, Хромтау ауданында мемлекеттік және ірі инвестициялық жобалар аясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатынын жеткізді. Сонымен бірге кәсіпкерлерге 50 грант пен 80 шағын несие беріледі. С…

0
0
769

Бес жыл ішінде 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Бес жыл ішінде 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақтөбе қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер -Райса Байлиева, Шахан Жолдасбаев, Сауромбек Рахиев, Ақылбек Оралмағанбетов Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің еңбек ұжымымен кездесті.«Бұл сайлау бұрыңғы сайлауға қарағанда ерекше» деген «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қалалық штаб басшысының орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов университет ұжымын сайлауда қолдау білдіруге шақырды.- Біздің партияның ең басты мақсаты – халықты бір тудың астына біріктіру. Олардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Соған ат салысу үшін біріншіден праймериз өткіздік. Басқа да шаралар өтті. Қашан да біздің партия елдің әлеуметтік жағдайын көтеруге тырысады. Халықтың арасында ең көп түсетін сұрақ әлеуметтік мәселеге бай…

0
0
135

Ақтау есептік-технологиялық колледж ұжымымен кездесу

Даулетбаева мен қалалық депутаттыққа үміткер Бекзат Жүсіп желілік кестеге сәйкес Ақтау есептік-технологиялық колледж ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Бекзат Жүсіп қызметкерлерді "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басты бағыттар туралы айтып берді. Партия бағдарламасы алдағы бес жылға арналған ел дамуының жол картасы деуге болады деп атап өтті кандидат. Өз кезегінде Ақтау есептік-технологиялық колледж қызметкерлері толғандырған сұрақтарын қойып, әлеуметтік мәселелер туралы айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Nur Otan партиясының қалалық сайлауалды штабының өкілдері барлығын 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

0
0
134

Шикізатты өңдеу: «Nur Otan» партиясың үміткері тұрғындарға бизнес идеяларды іске асыру жолын ұсынды

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әкімжан Есенаманов Мұғалжар ауданының тұрғындарымен онлайн кездесті. Ауыл халқының өтініш-тілегін тыңдап, қарапайым ғана құрт, сүзбе жасап, табысқа кенелудің қыр-сырымен бөлісті.Ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып жүрген облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әкімжан Есенаманов бұл жолы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, қашықтан кездесті. «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге емес, өңдеуге басымдық берген жөн.«Біздің елімізде ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Халықты табиғи таза азық-түлікпен қамтамасыз етіп, экспорт әлеуетін арттыру үшін бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Партияның…

0
0
205

Встреча с коллективом Актауской городской клиники "Сенім".

В соответствии с планом работы Актауского городского филиала партии "Nur Otan" кандидаты в депутаты города Муратбек Дощанов, Гани Абдисадыков, Ерген Сыражан,Abylai Fazylbek, Члены штаба Жарас Демеев, Aida Balkashbayevna встретились с коллективом Актауской городской клиники "Сенім".В рамках мероприятия кандидаты ознакомили с предвыборной программой партии, обсудили планы и проделанную работу в рамках реализованных проектов. Формирование здоровой интеллектуальной нации - один из главных приоритетов партии Nur Otan. В частности, объем финансирования здравоохранения составит не менее 5% от ВВП. К 2023 году заработная плата врачей вырастет в 2,5 раза. Главная цель - увеличение среднего возраста жизни казахстанцев до 75 лет.В завершение мероприятия, сотрудники задавали интересующие их вопросы и…

0
0
217

Ақтау қалалық "Сенім" клиникасының ақхалатты абзал жандарымен кездесу

"Nur Оtan" партиясы Ақтау қалалық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Қалалық депутаттыққа үмiткерлер Муратбек Дощанов,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан,Abylai Fazylbek, Штаб Мүшелері Жарас Демеев, Aida Balkashbayevna Ақтау қалалық "Сенім" клиникасының ақхалатты абзал жандарымен кездесті.Шара аясында үмiткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, iске асырылған жобалар аясында атқарылған жұмыстар жəне жоспарларды талқыланды. Саламатты зияткер ұлт қалыптастыру – Nur Otan партиясының басты бір басымдығы. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ІЖӨ-нің 5%-ынан кем болмайды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өседі. Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 75-ке дейін ұзарту.Сонымен қатар, қызметкерлер көкейдегі сұрақтарын қойып, 10 қ…

0
0
160

Шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда

"Nur Otan" партиясы атынан қалалық депутаттыққа үміткерлерШамсадин Гусейнов,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан,Андрей Могилин "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша "Волна" кандитерлік фабрикасының ұжымымен кездесті.Үгіт-насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына негізделген. Бағдарламада экономиканың, атап айтқанда, шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріледі. Партия кәсіпкерлік үшін салық режимін жеңілдетуге және жаңа бизнесті жаппай ашуға жағдай жасауға бар күшін салуда.Ақтау қаласындағы "Волна" кондитерлік фабрикасы түрлі кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады және әрдайым өнім түрлепін жаңартып, өндірісті ұлғайтады. Фабрика қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қиын уақытта мемле…

0
0
151

«Еңбек ардагері» төс белгісімен марапатталды.

Мұнайтелеком мекемесінің ұжымы қос бірдей қызметкерін зейнет демалысына құрметпен шығарып салды. Қожанов Жұма және Сарсенбаев Майрамбайдың мекемеге тигізген еңбектері зор. Сарсенбаев Майранбай өз жұмысымен қоса кәсіподақ төрағалығын қатар алып жүрді, Қожанов Жұма болса мекеме басшысына кеңесші қызметін атқарып жастармен өз тәжірибесін бөлісті. "Nur Otan" партиясының мүшелері Ж.Қожанов пен М.Сарсенбаев "Nur Otan"партиясының ардагерлері қатарына өтті. Мекеме басшысы Е. Мұқашев оларды «Еңбек ардагері» төс белгісімен марапаттады. Ұжым мүшелері зейнеткерлерге жылы лебіздерін білдірді.

0
0
114

«Есіктен есікке акциясы»

Депутаттыққа үміткер Е.Мукашев және онын сенімді өкілі Қ.Артықбай "Есіктен есікке" акциясының аясында Ақтау қаласынын тұрғындардын ұйлерін аралап өтті. Тұрғындарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Халықты саяси белсенді болуға, сайлауға қатынасуға, 10 қаңтарда Партиямыз - "Nur Otan"- ға дауыс беруге шақырылды. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

0
0
115