Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтау қалалық штаб мүшелерінің Yessenov University ұжымымен кездесуі

Маңғыстау облыстық және қалалық депутаттыққа  үміткерлер Ахметов Берик, Әбдісадық Ғани, Ермек Нұрмағанбет және Сыражанов Ерген жиналғандарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.  Сондай-ақ бағдарлама Ақтау қаласы мен жалпы өңірді дамытуға бағытталғанын да атап өтті. Сайлауалды штаб мүшелерінің айтуынша, бағдарламада облыс пен қаланың қарқынды дамуы үшін нақты шаралар ұсынылған

"Nur Otan " партиясы жыл сайын жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге бағытталған республикалық партиялық жобаларды іске асыруда. Осы ретте, жиынға қатысушылар студент жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттін  іске асыру мақсатында  қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті.  Сондай-ақ, қалалық штаб мүшелері бірлесе жұмыс жасап, пікір алмасуға  дайын екендіктерін жеткізді.

0
0
200

Nur Otan партиясы жұртшылықпен жүздесуде

Облыстық штаб мүшесі Серікбай Төлетов және қалалық мәслихат депутатына үмтікерлер сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қызметкерлердің әрқайсысының жеке мәселелерін тыңдады. Ақпараттық қағаздар таратты. Үнпарақтарда «Nur Otan» партиясының басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана жұмыс жасауға рұқсат етілді. Тамақтану орындары тек жеткізу қызметін жүзеге асырды. Нәтижесінде бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, туристік сала, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты экономика секторлары ең көп зардап шекті, олар қала экономикасының 35%-ын құрайды. Төтенше жағдай кезінде қалада 2 345-тен астам ШОБ кәсіпорындары өз қызметін тоқтатты, онда 18 760 адам жұмыс істеді.

Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес маңызды қолдау алды. Кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер алды. «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалардың барлық құралдары бойынша 83 кәсіпкер жалпы соммасы 107,4 млрд теңгеге қолдау тапты. Бұдан бөлек субсидия, жеңілдетілген несие берілді, несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий жарияланды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерге қолдау таныту шарасы негізгі басымдық ретінде қарастырылған. Бұл үшін партия 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жобаларды субсидиялауды ұлғайту, төмен пайыздық несиелеу, грант бөлу, бизнес негіздеріне оқыту, базар салу, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізетін нүктелерді көбейту, құс еті өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жылыжай салу, бордақылау алаңдарын ашу, жергілікті азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелерінде орын алуына ықпал етеді.

4
0
227

Тәуелсіздік күніне орай фото – кітап көрмесі өтті

Кітап көрмесінде егеменді еліміздің қалыптасы мен дамуын баяндайтын кітаптар, Тәуелсіздігіміздің мерейлі жылында егеменді Қазақстанды қалыптастырған Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қызметін жан-жақты ашатын кітаптар мен ғылыми еңбектер, қазақ хандығы тұсындағы тарихи кезеңдерден бастап, тәуелсіз елдің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шықққан әдебиет туындылары қойылды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін жастарға таныту.

Кітапхана қызметкерлері мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.

0
0
472

Қалалық штаб мүшелерінің Yessenov University ұжымымен кездесуі

“ Nur Otan” партиясы Ақтау қалалық филиалының желілік кестеге сәйкес, үгіт-насихат кезеңі аясында қалалық штаб мүшелері Yessenov University ұжыммен кездесті.

Маңғыстау облыстық және қалалық депутаттыққа  үміткерлер Ахметов Берик, Әбдісадық Ғани, Ермек Нұрмағанбет және Сыражанов Ерген жиналғандарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.  Сондай-ақ бағдарлама Ақтау қаласы мен жалпы өңірді дамытуға бағытталғанын да атап өтті. Сайлауалды штаб мүшелерінің айтуынша, бағдарламада облыс пен қаланың қарқынды дамуы үшін нақты шаралар ұсынылған

"Nur Otan " партиясы жыл сайын жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге бағытталған республикалық партиялық жобаларды іске асыруда. Осы ретте, жиынға қатысушылар студент жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттін  іске асыру мақсатында  қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті.  Сондай-ақ, қалалық штаб мүшелері бірлесе жұмыс жасап, пікір алмасуға  дайын екендіктерін жеткізді.

0
0
137

"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясында тікелей эфир

18 желтоқсан күні, сағат: 10.00-де Облыстық Мәслихат депутатына үміткер Нұрбек Жомартұлы Союновтың "Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясында тікелей эфирі өтеді.

Тікелей эфир Нұрбек Жомартұлының фейсбук парақшасында өтеді.

Эфир кезінде үміткерге ұсыныстарыңызды айтуға немесе сұрақтарыңызды қоюға болады.

0
0
151

Әр елді мекен әзірленген бағдарламамен таныстырылды.

«Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы жобасы «Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымына таныстырылды.

Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.

Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назар­баевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Мәселен, партияішілік сайлау кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Талдауға назар аударар болсақ, қарапайым халықтың талап-тілектерінің көпшілігі жол сапасы, су, газ жүргізу, тұрғын үймен қамту, білім беру нысандарын салу, материалдық базаны жаңарту, ғаламтор жылдамдығын жақсарту секілді мәселелерге қатысты болды. Көтерілген мәселелердің өзектілігі ескеріліп, облыстық, аудандық, қалалық сайлауалды бағдарлама жасалды. Мұнда әр өңірдің тұрғындарының  ұсыныстары бойынша 5 жылда атқарылатын жұмыстар қатары енгізілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан қызметкерлер өздерін мазалаған сұрақтар бойынша штаб өкілдерімен пікірлесті. «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

0
0
165

Әр елдімекенге әзірленген бағдарламамен танысты

208