Хромтауда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бағдашжан Молдашева «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң кен байыту комбинатының жұмысшыларымен өткен кездесуде Хромтау ауданының даму бағдарламасын айтып берді. Үміткер кәсіпорындағы жұмысшылардың жағдайымен танысып, еңбеккерлермен сөйлесті.
Қазір кәсіпорында Кеншілер мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен «Мұғалжар» демалыс базасы мен бірнеше әлеуметтік нысан бар. Кеншілер мен шахтерлар Бағдашжан Молдашевадан әлеуметтік көмек, жастарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы сұрады.
Үміткердің айтуынша, Хромтау ауданында мемлекеттік және ірі инвестициялық жобалар аясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатынын жеткізді. Сонымен бірге кәсіпкерлерге 50 грант пен 80 шағын несие беріледі. Сөйтіп 30 ШОБ ашуға мүмкіндік жасалады.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Сайлау-2021
