Ақтау есептік-технологиялық колледж ұжымымен кездесу
Даулетбаева мен қалалық депутаттыққа үміткер Бекзат Жүсіп желілік кестеге сәйкес Ақтау есептік-технологиялық колледж ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Бекзат Жүсіп қызметкерлерді "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басты бағыттар туралы айтып берді. Партия бағдарламасы алдағы бес жылға арналған ел дамуының жол картасы деуге болады деп атап өтті кандидат. Өз кезегінде Ақтау есептік-технологиялық колледж қызметкерлері толғандырған сұрақтарын қойып, әлеуметтік мәселелер туралы айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында Nur Otan партиясының қалалық сайлауалды штабының өкілдері барлығын 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

