Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да ер адам аң аулау кезінде оқушыға оқ атқан

Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бозбала оқ тиді.Фото: pexels.com-БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға өткен сенбіде Ақжайық ауданы аумағында болды.«Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге б…

0
0
210

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға жаңадан 20 мектеп салынбақ

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Жасанды интеллект фотоиллюстрациясыЖемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Оған мыналар кіреді: • апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда); • үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).Шымкент қаласында, Жетісу және Қыз…

0
0
188

Олжас Бектенов Премьер-министр болса, оның орнына осы кісі барады деп жатыр

Ұсынылған адамның сайланатынына, ал сайланған адамның ұсынылатынына халық үйреніп алған. Сондықтан Amanat партиясы ұсынған Олжас Бектеновтің Премьер министр болатынына бәрі сенімді.

Оның осыған дейін Президент әкімшілігінің басшысы болып келгенін айттық. Енді сол қызмет кімге бұйырады деген әңгіме қызу жүріп жатыр.

"Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ҚР Премьер-министрі қызметіне кететін Олжас Бектеновтің орнына ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалады. Ақордада Бас прокурор туралы да сыбыстар шығып жатыр екен", - деп жазыпты @egovpress.

Айта кетейік, бұған дейін Amanat фракциясы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

0
0
431

Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектенов ұсынылды

Amanat фракциясы ҚР Премьер-министрі қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.Бектенов өткен жылы Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Ал бұл орынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен келді. Олжас Бектнов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.2005-2006 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.2006-2009 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмысқа…

0
0
710

Бүгін жаңа үкімет басшысы тағайындалады

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.​

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-мнистрдің кандидатурасы ұсынылады.

​t.me/aqorda_resmi

0
0
277

Төтеншеліктер өткен тәулікте 154 шұғыл шақыртуға барды

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 154 жедел шығу жасады.

​Оның 73-і өрттер мен жану оқиғаларына, 80-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 58 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

0
0
234

Бірнеше аймақта жастардың қылмыстық топтары ұсталды

ҚР ІІМ жастар арасындағы криминалдық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Мұндай топтар көбінесе жасырын сипаттағы қылмыстарды жасайды, яғни жәбірленушілер қаскөйлердің қорқытуының салдарынан немесе тағы да басқа себептермен полицияға жүгінбейді. “Ұрылар” идеологиясын ұстанып, заңсыздыққа жол беретін топтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын өрескел бұзады. Жақында ғана ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Шымкент және Павлодар қалаларында осындай екі топтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. "Биыл қаңтар айында басқа да бірқатар өңірде осындай ұстаулар жүргізілді. Мәселен, Шымкентте жедел ақпаратты тексеру барысында университеттердің бірінен үш студентті ұрлау фактісі а…

0
0
196

Жайдарманшы оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады

Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. 

​Бір адам қайтыс болып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Оның екеуі бала. 

Қалған алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Олар Көкшетау қаласында өткен Жайдарман ойындарынан кейін жолға шыққан. 

Полицейлердің мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын, деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

 Qazaqstan телеарнасы

0
0
285

Үкіметті уақытша Роман Скляр басқарады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.

Бұл жайында Президенттің бүгін жарияланған жарлығында айтылған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.

0
0
225

Үкімет отставкаға жіберілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойдықойды.

Жарлық мәтінінде былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0
0
215