Төтеншеліктер өткен тәулікте 154 шұғыл шақыртуға барды
Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 154 жедел шығу жасады.

Оның 73-і өрттер мен жану оқиғаларына, 80-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 58 адам құтқарылды және эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
