Мазмұнға өту

Жаңа

"Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". Желіде қызық видео тарады

Соңғы күндері әлеуметтік желіні 2000 жылдардың басындағы өнер жұлдыздарына қатысты қызық видео жаулап алды. Соны Facebook-ке жариялағандардың бірі Салтанат Абылбекова мынадай жазба қалдырыпты: "Сәбит: Бұл бұлбұл менің ғана бақшамда сайрауы керек!" Расымен де бейнероликте тойда беріліп ән айтып жатқан әнші Алтынай Жорабаеваға оның сол кездегі күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалық тесіліп қарап тұр. Ал ортада Мейрамбек Бесбаев Бейбіт Сейдуәлиевамен билеп жүр. Бұл жазбаға төмендегідей пікірлер жазылған: "Неше жыл сайрады ғой". "Алтынайдың не айтып жатқанын адам түсінбейді ғой". "Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". "Бұлбұлдар əлі сайрап жүр. Соларды тойға шақыратындар не дейді екен? Яғни сұрап сүгіретке түсушілер". "Тоқтардың бұлбұлы басқа бақта сайрап жүр ғой. Ол қайда?"Видены мына жерден к…

0
0
272

Инвестиция тарту ісін жүзеге асыру барысы қаралды

Еліміздің Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізді.​Негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша мемлекеттік органдардың 2023 жылғы жұмыстарының негізгі қорытындылары қаралды.Инвестициялар тарту саласында тиімді әрі ынталандырушы KPI айқындай отырып, Инвестициялық саясат тұжырымдамасын өзектендіру тәсілдері мен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру шаралары мақұлданды.Бұдан басқа ауыл шаруашылығы, минералды тыңайтқыштар өндіру, машина жасау салаларындағы жекелеген инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.Мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және жобаларды іске асырудың нақты мерзімдері айқындалды.Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің қорытындыларын талд…

0
0
214

Биыл елімізде 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ

Қазақстан Үкіметі шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруда. ​Бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Мәселен, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды. Отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Барлық қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенд…

0
0
151

Абай облысында түн жамылып көшеде жүрген балалар жаппай ұсталды

Абай облысында түнгі уақытта көшеде жүрген 370-ден астам жасөспірім ұсталды.Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Жыл басынан бері Абай облысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының 370-ден астам фактісі анықталды. Көбінесе жасөспірімдер кафелерде, түнгі және ойын клубтарында, сондай-ақ көшеде жүреді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандар сағат 22:00-ге дейін ата-анасыз ойын-сауық орындарында бола алады. Балалардың түнгі 10-нан таңғы 6-ға дейінгі кезеңде болу фактілерін анықтау ата-аналарына айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Қазақстан Р…

0
0
200

"Майқайыңалтын" маңындағы іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегенін анықтады. Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары.

​Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

«Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Inform.kz

0
0
209

Тина Канделаки Нұрлан Сабуровқа неге өктем сөйледі?

Әлеуметтік желіде қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров пен ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің дауыстарына ұқсайтын екеуара әңгіменің аудиожазбасы тарады. 

Онда Канделаки Сабуровқа өктем дауыспен бұйрық бере сөйлейді. Ол өзін Қазақстанмен арадағы жағдайларға байланысты әзілкештің қолдауы керектігін айтады.

"Әзілмен немесе басқа жанрмен айтасың ба, әйтеуір, сенің пікірің ғаламторға шығуы тиіс. Сосын есіңде болсын, мен және Ресей туралы жақсы сөз айтасың", - дейді ресейлік тележүргізуші. 

Әңгіменің ақырында Сабуров одан бас тартады. Әрине, бұл аудиожазбаны сарапшылар фейк деп отыр. Бірақ Канделаки сияқты ресейліктердің біздің елден өнер көрсетуге барған Сабуров сияқтыларға осылай өктем сөйлей беретіні өтірік емес секілді. 

0
0
234

Президенттің төрағалығымен үкімет отырысы өтеді

7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. t.me/aqorda_resmi

0
0
192

Ақмола облысында 10-нан астам автокөлік бірден соғысып қалды (видео)

Бүгін Астана-Қарағанды тас жолында 11 автокөлік бірден соғысып қалды.

"Патриот" Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына "Тойота Камридің" 29 жастағы жүргізушісі себепкер. Ол қатты жылдамдықпен келіп, алдында бір бағытта кетіп бара жатқан Volkswagen Polo-ны соққан.
Осы оқиғадан 5 адам зардап шегіпті. 

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
280

Бірінші вице-премьер елордада құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды аралады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан бірқатар спорт нысанын аралап, құрылыс басындағы жұмыстар барысымен танысты. ​Оның жанында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов болды. Олар аралаған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал ететін болады.Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды.Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтард…

0
0
223

Қазақстан қоғамы кезекті ресейлік әншінің елге келуіне наразы

Еліміздегі қоғам белсенділері ресейлік әнші Владимир Пресняковтың бір айдан аса уақыттан кейін Астана мен Алматыда өтеді деп жоспарланған концерттерін болдырмауды талап етіп отыр. Пресняковтың Қазақстандағы концерттері 15 наурыз (Астана) бен 16 наурызға (Алматы) белгіленген. Билет құны 15 мыңнан 60 мың теңгеге дейін. Пресняковтың Қазақстандағы концерттері 15 наурыз (Астана) бен 16 наурызға (Алматы) белгіленген. Билет құны 15 мыңнан 60 мың теңгеге дейін. Бағасын қоя беріңіз, бұл наразылық әншінің ұстанымына байланысты болып тұр. Яғни ол 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған. Тіпті Пресняковтың соғысқа көмек ретінде ақша беріп тұратыны да жазылды. Айта кетейік, Қазақстан қоғамы өткен жылы соғысқа қолдау көрсетіп жүрген ресейлік өнер иелері Григорий Лепстің, Татьяна Навкидің жән…

0
0
213