Мазмұнға өту

Жаңа

Абай облысында жол жабылуына байланысты 100-ден аса көлік кептеліп қалды

Соңғы 24 сағаттың ішінде Абай облысының Көкпекті ауданында автомобиль жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автомобильдер кептелісі болды. Оладың жалпы саны 100 жеңіл, 15 жүк көлігі және 1 автобус.
Қазіргі уақытта бұл көліктер бағанда, қардың өтуіне және нөлдік көрінуіне байланысты қозғалысты жалғастыра алмайды.
Кептеліс орнына облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмек қажет емес.
Семей қаласынан 25 адам мен өтімділігі жоғары техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

@press_TJM

0
0
320

БҚО-да супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады.
Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған. Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
233

Алматыда тағы да жер сілкінді

Бүгін Алматы қаласында тағы да жер сілкінді.

Фото: РИА Новости

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 15 ақпанда сағат 09.52-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында - афтершок орналасқан. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында - 2 балл.
Жағдай тұрақты.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - деп хабалады Төтенше жағдайлар министрлігі.

@press_TJM

0
0
224

Бюджет қаржысын уақтылы игермеген министрліктер аталды

Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік бюджетті уақтылы игермеген министрліктерді атады.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,9%, республикалық бюджеттің шығыстары 97,8%-ке, және жергілікті бюджеттің шығыстары 94,5% құрады. Оның ішінде13 млрд теңге үнемделді. Игерілмеген қаржы көлемі 20 млрд теңге. Қаңтарда жергілікті бюджеттің шығысы 422 млрд теңгені құрады», - деді Мәди Такиев Үкімет отырысында. 

Министрдің мәліметінше, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі бюджетті ірі көлемде игермеген. 

«Оның негізгі себептері 663 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар өтпеген. Сондай-ақ, конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізілген», - дейді ол.

0
0
198

Еуразиялық даму банкі елімізге салатын инвестицияның жылдық көлемі – $4,2 млрд

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады.Мемлекет басшысына банк жұмысының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді. Николай Подгузовтың айтуынша, Еуразиялық даму банкінің Қазақстан экономикасына салатын жыл сайынғы инвестициясы екі жыл қатарынан 1 миллиард доллардан асып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктің 2022-2023 жылдардағы инвестициясының жылдық көлемінің жалпы сомасы 4,2 миллиард долларды құрағаны туралы баяндалды. Бұл Стратегияда бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жоспардан шамамен 1,5 есе көп. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 59 пайызды құрады.Президентке берілген мәліметке сәйкес Қазақстандағы әлеуетті жобаларға бөлу үшін банктің 2024 жылға қарастырып отырған қаржы көлемі 3…

0
0
207

Президент ертең Қатарға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

0
0
180

Бір аптада 176 оқыс оқиға болған

Өткен аптада елімізде 176 төтенше жағдай тіркелді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі төмендегідей: 14 табиғи сипаттағы; 162 техногендік сипаттағы. Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1270 рет шықты: құтқарылды - 447 адам (68 бала); эвакуацияланды - 879 адам (64 бала). 112 құтқару қызметіне 158 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 246 дауылды ескерту жіберілді.

@press_TJM

0
0
189

Тас жол бойында тұрған көлік жүргізушісі қаза тапты

Қызылорда облысында автокөлік тас жол бойында тұрған автокөлікке соғысқан. Осы оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған.

«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Осы жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

kaz.inform.kz

0
0
258

Төтеншеліктер өткен тәулікте 170-тен астам жедел шақыртуға барған

"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 174 жедел шығу жасады, оның 85-і өрттер мен жану оқиғаларына, 89-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 32 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!", - деп жазады @press_TJM.

0
0
224