Мазмұнға өту

Жаңа

Мәңгілік ел қалыптастырудың бірінші кілті-тәрбие

Жер бетінде әсіресе адамдарға тәрбиенің маңызы зор .Жаратушы ешкімді ешнәрседен кем қылып жаратпаған .Жерді басқан жәндікті де ,қанат біткен құсты да,ерекше қасиетпен жаратқан адам баласында тең дәрежеде ұстаған.Бірақ ,біздер кейде бізге берілген ырысты бағалай алмай жатамыз.Кішкентай жәндіктен,мүмкіндігі көп адамдар әлсіз секілді . Осы тұста “М.Жаңа Байбақты” бүркеншек есіммен “Бала тәрбиесі “мақаласын талдап көрелік.Қазақ халқы қай уақытта болмасын , ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген.Адамның адам болып қалыптасуына адамның адам болуына көп тәрбие білем керек екені айдан анық.Молдағали Жолдыбаев адамның аштан ,отқа күйіп ,суға түсіп өлмей адам болуына туған сағаттан бастап тән тәрбиесін жасау керек болса,жан тәрбиесін де сол кезден бастау керек екенін айтады .Қазақта ”Ұядан не к…

0
0
359

Науқасқа омбы қар кешіп жеткен ақтөбелік фельдшерлерді облыс әкімі марапаттады

Қарлы боранда омбы қар кешкен фельдшерлердің еңбегі еленді.Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерді марапаттады. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбаева, Қайрат Төлеуге өңір басшысы Алғыс хат табыстады. Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері 2024 жылдың 7 ақпан күні жүрегі сыр берген науқасқа бармақ болады. Үш маман, көлігі қар басқан көшеге кіре алмай, жарты жолда жаяулатады. Боранды күні ұзақ жүруге тура келген. Медицина қызметкерлері бұл сәтті видеоға түсірген. Бірақ ол әлеуметтік желіде таралады деп ойламапты.«Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желілерде әлгі видеомыз тарап…

0
0
267

Бізде жазушы жоқ. Халық жазушысы атағын кімге береміз? – Қанат Тілеухан

Жазушы Қанат Тілеухан тележурналист Жайна Сламбекке берген сұхбатында кәсіби тұрғыда әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ екенін айтты.«Қазір Қазақстанның Халық жазушысы деген атақ шығарды. Бірақ мен «бұл кеңестік дүние ғой, қаңсық нәрсе ғой, мен бұған қарсымын» деген мағынада айтып отырған жоқпын. Мен неге оған қарсымын? Өйткені бізде жазушылар жоқ. Біз оны кімге береміз? Қазір кәсіби түрде әдебиетпен айналысып жүрген адамдар жоқ. Мүмкін, Халық әртісін беруге болатын шығар. Ол сала дамып жатыр. Біз осы жоқ нәрселерді бар қылып көрсету үшін кей кезде атақ, марапат дегендерді ойлап шығаратын сияқтымыз», – деді Қанат Тілеухан.Ол тіпті Дидар Амантайдан кейін дені дұрыс жазушы жоқ дегенге келтірді.«Дидар Амантайдан кейінгі жазып жатқандар – бәрі әуесқойлар. Ал сіз ойлаңызшы қоғамда әуесқой…

0
0
489

Ұлытау облысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы қаңтарда ҰҚКД жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады.
Тінтулер кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм «альфа-PVP» психотроптық заты және 30 «марка» деп аталатын ЛСД есірткісі алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
177

Өткен тәулік тағы да тыныш болмады

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары өткен тәулік бойы да тыным таппай, көптеген шұғыл шақыртуларға шықты.

"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 184 жедел шығу жасады, оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 118 адам құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

0
0
184

Науқасқа омбылап қар кешіп жеткен фельдшерлерді тани отырыңыздар!

Әлеуметтік желіде ақтөбелік жедел жәрдем фельдшерлерінің шұғыл шақыртуға омбылап қар кешіп бара жатқанын көрсететін бейнежазба тараған еді. Артынан олардың кімдер екені анықталды.Сонымен, олар - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері Қайрат Тілеу, Сая Рысбай және Бауыржан Құдияров.Ерлікке пара-пар іс жасаған медицина қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова алғыс айтты."Кез келген ауа райында, аяз бен боранда, жол жоқ жерде жедел жәрдем бригадалары төтенше жағдайларға қарамастан адамдардың өмірін сақтап қалу қажет миллиондаған шақыртуға қызмет көрсетеді. Осындай батырлардың қатарында – Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері Құдияров Бауыржан Сұлтанханұлы, Тілеу Қайрат Берікұлы, Рысбай Сая Ыбырайқызы бар. Олар қар құрсауына қарамастан жүрек ұстам…

0
0
230

Бір тәулікте 250-ден астам жол апаты болған

Елімізде бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізіліп жатқаны белгілі. Соған қарамастан жолға шығып кетіп жатқандарға полиция тағы да ескерту жасады.

"Сонымен қатар, ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді. Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырамыз! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз!" - делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

0
0
179

Алматыда қалың қар жауайын деп тұр

Алматыда қалың қар түседі деп күтіліп отыр. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар хабарлады.

Фото: baq.kz-

"Дүйсенбі 12 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге қалыңдығы 20 сантиметр қар жауады деп күтілуде. Бұл ақпандағы орташа айлық қардың 40 пайызы болғалы тұр", - деп жазылған хабарламада.

Басқармадағылардың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметтері қар күреуге толық дайын екен. Дүйсенбі күні көшеге 600-ге дейін техника мен 1220 жұмысшыны шығару жоспарланған.

0
0
275

Жаңа Премьер-министр Президент берген тапсырмаларды орындауға кірісті

«Жұмыс қарқыны жоғары, ал талап қатаң болады». Осылай деген Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет алдындағы негізгі міндеттерді белгілеп берді.Бүгін Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.Қаржы-экономикалық блок министрлерін тыңдап болған соң, Премьер-министр бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өтті.«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек», — деді Олжас Бектенов.Cонымен қатар Премьер-министр Салық кодексінің жобасы…

0
0
210

Еліміздің тұрғындары наурызда неше күн демалады?

Еліміз тұрғындарының наурыз айында неше күн демалатыны айтылды.

Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз жұмыс күні болып саналады. Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз жұмыс күні.

@qazaqstantv

0
0
299