Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Тас жол бойында тұрған көлік жүргізушісі қаза тапты

Қызылорда облысында автокөлік тас жол бойында тұрған автокөлікке соғысқан. Осы оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған.

«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Осы жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

kaz.inform.kz

0
0
218

Осы тақырып бойынша

Тас жол бойында тұрған көлік жүргізушісі қаза тапты - Yvision.kz