БҚО-да супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған адам ұсталды
Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады.
Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған. Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен.
Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://t.me/POLICE_of_KZ
