Абай облысында жол жабылуына байланысты 100-ден аса көлік кептеліп қалды
Соңғы 24 сағаттың ішінде Абай облысының Көкпекті ауданында автомобиль жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автомобильдер кептелісі болды. Оладың жалпы саны 100 жеңіл, 15 жүк көлігі және 1 автобус.
Қазіргі уақытта бұл көліктер бағанда, қардың өтуіне және нөлдік көрінуіне байланысты қозғалысты жалғастыра алмайды.
Кептеліс орнына облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмек қажет емес.
Семей қаласынан 25 адам мен өтімділігі жоғары техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді.
@press_TJM
