Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Маңғыстау облысында енді өрт сөндірушілер көтеріліп жатыр

"ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының өрт сөндірушілері 16 ақпаннан бастап жұмысқа шықпай қойған. Бұған олардың жалақысының аздығы себеп.

Интернетте тараған видеода бір өрт сөндіруші жұмысшылардың талабын оқып берді.

"Маңғыстау облысының "Зевс Энерго" өрт сөндіру компаниясы Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас ұжымдарының атынан үндеу. Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдарға ескерту жасалып, арыз-талабымыз оң шешімін тапқан жоқ. Сол себептен ақпанның 16-сынан бастап жұмысты тоқтаттық. Айлығымыз 130-150 мың теңге аралығында. Еңбек демалысына 80 мың теңге беріліп келеді. Бұл қазіргі қымбатшылыққа байланысты аздық етеді. Айлығымызды 350 мыңға көтеруіңізді, әлеуметтік пакет қосылуын талап етеміз. Денсаулығымызға зиян аймақта жұмыс істеп жүргендіктен сүт, тағы басқа пайдалы азықпен қамтамасыз етсін. Жыл сайынғы мерекелік сыйақылар 10 пайыз берілсін. Киімдеріміз сапалы болсын. Жұмысшыларды қудаламауды сұраймыз. Осы талаптарымыз заң жүзінде орандалғанша жұмысты тоқтатып тұрамыз", - дейді өрт сөндірушілер.

0
0
232

Осы тақырып бойынша

Маңғыстау облысында енді өрт сөндірушілер көтеріліп жатыр - Yvision.kz