Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Жайдарманда жік шықты

ЖАЙДАРМАННАН ҚҰТ КЕТТІ! ЕСЕННІҢ ЕРКЕЛІГІ!

50 жасты еңсерген Есен Елеукен мырзаның, елге есеп берірі бар деп жүрсем. Жас балалардың еңбегін елеусіз қалдырумен есте қалуда. Есен аға, сіздің оңтүстік өңірде қалып кеткен есеңіз бар ма? Әлде қайдан өскеніңіз естен шықты ма?Депутаттық сайланар кезде, “Қыздар емес” командасына байланысты айқай шыққан еді. Сонда “Жоғары лига”-дан алам дедіңіз. Бірақ олай жасамадыңыз. Жастардың сахнаға жартылай жалаңаш шыққанына көз жұмдыңыз. Оған ширек финалда оңбай ұтылып еді. Әділ қазылардың, әділдігі көрінбеді. Оған қоса президентімізді масқаралаумен хит болды.Өңірлердегі “Жайдарманға” бөлінер қаржы аз емес. Бірақ оның қалай игеріліп жатқанын білеміз. Сізге “Жайдармандағы” жемқорлық бар екенін белгілі болса, орныңызды босатасыз ба? Әлде менің күнәм жоқ деп қашқақтайсыз ба? Алысқа кетпейін Шымкент және Түркістан облысындағы директордан жақсылап ақшаның есебін сұрап көріңізші.Жайдармандағы “Саналы” маусымды, саналы түрде жіктеп отырамын. Айтпақшы былықтарыңызға шыдай алмаған редакторлардың жұмыстан шығып жатқанын қалай түсіндіресіз? Саясатыңызды жөндеңіз ағасы. “Абырой” командасының орнын қайтарып беріңіз.

Олжас Мамырдың жазбасы.

0
0
344

Осы тақырып бойынша