Асылы апамыз ауруханаға түсіп қалды
Қазақ тілінің жанашыры, филолог-ғалым Асылы Османның денсаулығы сыр берген.

Фотто: ernur.kz
Асылы апамыз қазір ауруханада ем алып жатыр. "Адырна" ұлттық порталы тіл жанашырына хабарласып, оның жағдайын сұрапты.
"Шүкір, бүгін кішкене тәуірмін. Дене қызуым да түсіп, жөтелім басылды. Қазір ауруханада жатырмын. Бір апта ауруханаға барғым келмей, үйде жатып едім. Бірақ жағдайым нашарлаған соң осында келдім. Қазір коронавирус қатты жайлапты. Менің ауруым ол емес. Дәрігерлер қарап жатыр", - деді Асылы Осман.
