Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еркінқала ауылының тұрғындарымен кездесу

Еркінқала ауылының тұрғындарымен кездесу

Сайлауалды науқан аясында Атырау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде бүгін Еркінқала ауылдық округінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті мәдениет үйінде өтті. Ауыл тұрғындарына "NurOtan" партиясының негізгі басымдықтары, сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, қала маңындағы елді мекеннің тұрғындарын толғандыратын мәселелерге баса назар аударуға тырыстым. Ауыл тұрғындары өз кезегінде оларды толғандыратын мәселелерге бей-жай қарамай, өз ойларын ортаға салды. Бұл Еркінқала - 2 елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратының тарлық етуі, ойын алаңдары мен асфальтталған жолдың болмауы. Тұрғындардың бірлігі мен татулығы, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділігі қуантады. Біз олардан тек сұрақтар ғана емес, жылы лебіздер де естідік.

0
0
224

Осы тақырып бойынша

Еркінқала ауылының тұрғындарымен кездесу - Yvision.kz